Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
21/09/26 Понедельник

Жас мамандар бақ сынасты

Выпуск - №4(601)   :   01.02.2024
466

Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Мұғалім сымбаты» атты серіктес мектептер арасындағы байқау ұйымдастырылды. Жалпы 11 жас маман қатысқан байқауда біздің №13 ЖББ мектебінен екі жас маман бақ сынадық.

Аталмыш байқау педагогтік қызмет аясында оқушы, ата-ана және әріптестермен сыпайылық, кішіпейілділік, толеранттық таныту, сондай-ақ ортақ мүддеге жеткізетін икемді қарым-қатынас жасауды көздеді. Ең бастысы, мұғалімдердің бойында жасырынып жатқан дарынды анықтауға мүмкіндік берді.

«Таныстыру» (визит карточкасы), «Менің қиялымдағы мұғалім сымбаты» және педагогикалық жағдаяттарды шешу кезеңдерінен тұрған байқау жоғары деңгейде өтті. Қатысушы жас мамандар үшін бұл байқау тәжірибе алмасып, жаңадан таныстық орнатуда, ең бастысы бұл күнгі дұрыс «Мұғалім сымбатын» қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Тартысты байқау нәтижесінде мектебіміздің атынан қатысқан Айнұр Жанабаева «Ұшқыр ойлы жас маман» номинациясына ие болса, мен 3-орынды иелендім. Педагог мұраттарының бірі – баланың үнемі даму үстінде болатынын ұмытпау және оны жазалауға асықпау. Ұстаз баламен шынайы құрметке лайық қарым-қатынас құра білсе ғана үлкен табыстарға қол жеткізе алады.


Аян СЫБАН,
№13 ЖББ мектебі
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
тарих пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!