Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
15/03/26 Воскресенье

«Жас сарбаз» патриоттыққа тәрбиелейді

Выпуск - №48(545)   :   09.12.2022
1610

Алтынсарин ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі 2019 жылдан бастап «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

«Жас сарбаз» қозғалысының жарғысы, қабылдайтын анты бар. Жылдағы дәстүрге сай, «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптарының ант қабылдау рәсімі өткізілді. Маңызды рәсімге Қостанай аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы, подполковник Сабит Аймұханов және бөлім бастығының әскери-патриоттық жұмыс жөніндегі көмекшісі Жүзімгүл Көшкінбаева, Қостанай ауданы және ауданның басқа да мектептерінің АӘТД пәнінің жетекшілері, сонымен қатар «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбының ата-аналары арнайы шақыртылды.

Патриоттық бағыттағы шараның ашылуында сөз сөйлеген подполковник Сабит Асылбекұлы «Жас сарбаз» сыныбын жылы лебізімен құттықтады. Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалып, артынша «Жас сарбаз» сыныбының 19 оқушысы салтанатты түрде ант қабылдады. Олар «Жас сарбаз» ұйымының құндылықтарына сай болуға, мақсаты мен бағыттарын жүзеге асыруға, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағына өз үлестерін қосуға ант берді. Сонымен қатар ата-аналардың көмегімен арнайы тіктірілген әскери киімдегі жастар саптық жүрістерді мақтана, марқая көрсетіп, «Жас сарбаз» сыныбының әнұранын шырқады.

Жалпы патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – жас ұрпақтың рухын көтеру, жеке тұлғаның рухани және шығармашылықтың үздіксіз дамуы, өзін-өзі дамыту, кәсібилік, бәсекеге қабілеттілік, сыни көзқарас пен ойлау, адами ұстанымдарды қалыптастыратын тәрбие беру және тәрбиелік ортаны құру. Қазақ халқы қашаннан ұрпағын ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Осы тәрбиені одан әрі жалғастыру үшін әрбір азамат өткен күнгі тарихты, батырларымыздың ерлік рухын білуі керек деген тұжырымға келдік. Қазақ жастарының бойына ұлттық рухты сіңіру – жақсы тәрбие беру деген сөз. Енді, міне, 2019-2022 жылғы «Жас сарбаз» сыныбы биылғы жылы әрі қарай жалғасын тапты.

Биыл бастау алған 2022-2025 жылға дейінгі «Жас сарбаз» тәрбиеленушілеріне «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбының туын взвод командирі 10-сынып оқушысы Дариға Жолдыбекова ерекше сеніммен, салтанатты түрде биылғы взвод командирі – 6-сынып оқушысы Ұлан Тайшығараға табыс ету сәті өте әсерлі болды. Іс-шара барысында «Жас сарбаз» ант қабылдап алған соң, мектеп басшысының міндетін атқарушы Рина Муратбек құттықтау сөз сөйледі. Ата-аналар тәрбиеленушілерді құттықтап, гүл шоқтарын табыстап, естелік суретке түсті.

Болашақ патриоттарға күш-жігер беру мақсатында ауданымыздың мәдениет үйінің әншілері патриоттық әндерден жыр-шашуларын айтты. Ұйымдастырлған іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Кейін Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз С.Амеличкиннің ескерткішіне Қостанай ауданы мен ауданымыздың АӘТД пәнінің жетекшілері гүл шоқтарын қойды. Патриоттық бағыттағы іс-шарадан келген қонақтарымыз мол әсер алып, көңілді тарады. Еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігі мәңгі, Мағжан Жұмабаев айтпақшы, «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты», елім дейтін патриот жастарымыз көп болсын!


Талғат СЕЙДАЗЫМОВ,
Ы.Алтынсарин атындағы
Обаған ЖББМ «Жас
сарбаз» мамандандырылған
сыныбының жетекшісі,
Алтынсарин ауданы

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.