Жастардың көзқарас алаңы

Выпуск - №2(650)   :   17.01.2025
879

1


«Денсаулық – зор байлық» демекші, бүгінгі таңда балалардың денсаулығын қорғау үшін екпенің маңыздылығы жиі талқыға түсуде. «Балаларға екпе салу міндетті болуы тиіс пе?» деген сұрақ төңірегінде Амангелді ЖББМ оқушылары пікірлерін білдірді.

Ең алдымен, білім ордасының медбикесі Тәттігүл Қабдығұлқызы мен мектептің дебат минстрі Аруна Бекзадақызы өзекті мәселелері талқылап қана қоймай, дәлелді пікірлерін таныстыра білді. Мектеп медбикесі: «Вакцинация арқылы көптеген қауіпті аурулардың алдын алуға болатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, екпе – балаларды жұқпалы дерттерден қорғаудың ең тиімді жолы. Дегенмен, кейбір ата-аналар бұған қарсы, себебі олар таңдау құқығы мен жеке сенімдерін алға тартады», – деп ойымен бөлісті.

2

Артынша БП «Мектеп оқушыларына екпе салу міндетті болу керек деп есептейді» тақырыбы аясында мектептің 6–8-сынып оқушылары арасында дебат ұйымдастырылып, қоғамның пікірін екіге бөлген бұл мәселе қызу талқыланды. Іс-шара оқушылардың сыни ойлау қабілетін арттырып қана қоймай, олардың денсаулық сақтау мәселелеріне деген көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етті. Бұл – дебаттың бірден-бір артықшылығы болса керек.

Оқушылар дебат барысында өз пікірлерін еркін білдіріп, өзекті тақырыпқа терең үңілді. Осынау ой мен ойын алаңы оқушылар арасында білім алмасудың және жауапты шешімдер қабылдаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе олардың азаматтық белсенділігін дамытуға және қоғамдық маңызы бар тақырыптарға бей-жай қарамауға үйретті. Яғни, жастарды қоғамдағы өзекті мәселелерді түсініп, белсенді азамат болуға тәрбиелейді.

«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дейді халық даналығы. Ендеше, екпе салуды міндеттеу саясаты барлық тараптардың пікірін ескеруді талап етеді. Жауапкершілік тек дәрігерлерде немесе ата-аналарда ғана емес, жалпы қоғамда екенін ұмытпауымыз қажет. Балалардың денсаулығы – ортақ құндылығымыз.

Бақытгүл УАТҚАНОВА,
Амангелді ЖББМ«Зияткер» дебат
үйірмесінің жетекшісі

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.