Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Амангелді ауданы білім бөлімінің «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Үздік жас шеберлер» атты аймақтық қолөнер байқауы өтті.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара Амангелді ауданынан шыққан тұңғыш мүсінші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Әбілбек Ұзақовтың өнегелі еңбек жолы мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Амангелді ауданының Байғабыл ауылында дүниеге келген мүсін жасау өнерінің майталманы саналы ғұмырын Торғай өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштерін жасауға арнап, бойындағы дарындылық қасиетімен туған жеріміздің өнерін дамытуға зор үлес қосқан.
Байқауға Амангелді ауданымен қатар Арқалық қаласы және Жангелдин аудандарынан жас шеберлер мен ұстаздар қауымы, Ы.Алтынсарин атаныдағы Арқалық педагогикалық институты филология факультеті деканының орынбасары Қ.Әлімбаев, Амангелді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Дауылбай, мектеп директорлары және Әбілбек Ұзақовтың ұрпағы Сапабек Әбілбекұлының отбасы қатысты.
Ауданымыздағы Ә.Боранбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайының таныстырылымынан басталған іс-шараның салтанатты ашылуында ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Дауылбай, Амангелді мектебінің директоры Б.Дәуітбаев, шығармашылық орталықтың директоры Е.Қойшыбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқау барысында шеберлер «Макет», «Шағын мүсіндер жасау», «Ұлттық киім моделі», «Композициялар» номинациялары бойынша өздерінің шығармашылығын сарапқа салып, жалпы есепке алғанда, үш өңірден – 50-ден астам оқушылар жұмысы бағаланып, қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар Амангелді ауданы білім бөлімінің дипломдарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Ұлттық киім моделі» аталымы бойынша І орынға Толғанай Сейдағалиева («Амангелді ауданы білім бөлімінің «Шұғыла» шығармашылық орталығы), ІІ орынға Динара Салыққызы (Арқалық қаласы білім бөлімінің мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты), ІІІ орынға Перизат Асқарова (Амангелді ауданы білім бөлімінің Құмкешу ЖББ мектебі) ие болды.
«Шағын мүсіндер жасау» аталымын бойынша І орынды Мұхтар Ғазез (Амангелді ЖББ мектебі), ІІ орынды Нұрмұханбет Садуақас (Арқалық қаласы білім бөлімінің мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты), ІІІ орынды Нұрнияз Ихсан (Амангелді ауданы білім бөлімінің Амантоғай ЖББ мектебі) иеленді.
«Макет» аталымы бойынша І орынға Ерасыл Ертіс (Амангелді ауданы білім бөлімінің А.Нұрманов атындағы ЖББ мектебі), ІІ орынға Мұханбетәли Омар (Арқалық қаласы білім бөлімінің мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты), ІІІ орынға Ерғұлан Борашов (Амангелді ауданы білім бөлімінің Б.Қолдасбаев атындағы ЖББ мектебі) лайық деп танылды.
«А.Байтұрсынұлы шағармалары бойынша композициялар» аталымы бойынша І орынды Нұрбол Закария (Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы ЖББ мектебі), І орынды Назым Бейбітова (Арқалық қаласы білім бөлімінің мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты), ІІ орынды Музарт Марат (Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы ЖББ мектебі), ІІІ орынды Омар Әбдібек (Арқалық қаласы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-имназиясы) қанжығасына байлады.
Шығармашылық әлемінде елуге тарта тұлғалардың мүсіндерін жасап, Қошқар батыр, Жәуке батыр, Амангелді Иманов, Кейкі батыр сынды ел қорғаған батырлар мен Ақан Нұрманов, Қайнекей Жармағанбетов, Әнуар Боранбаевтай әдебиет пен өнер майталмандарының мүсіндерін сомдады. Ол кейіпкерлерінің шынайы мінезін, жан дүниесін терең зерттеуден өткізіп, әр қырынан бейнелей білді. Тарихи тұлғалардан бөлек еңбек адамдары да оның кейіпкерлері болатын. Бүгінгі шара барысында ұлт перзентінің мол мұрасы, еңбек жолы, шығармашылығы оқушыларға лайықты деңгейде насихатталды.
Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» БЖШО
көркемдік жетекшісі,
Амангелді ауданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.