Жаз келісімен, білім мен тәрбие ошақтарында жазғы уақытта балалардың демалысын ұйымдастыру жұмыстары бастау алады. Қарабалық ауданындағы «Айналайын» бөбекжай-бақшасы да солардың қатарында.
Жаз мезгілі – балаларды сауықтырып және физикалық дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйесі қолға алынатын маусымдық уақыт. Осы кезеңде мектеп жасына дейінгі балалардың таза ауада болуы, уақытын тиімді пайдалануы – олардың денсаулығына оң ықпалын тигізе отырып, тұлғалық қабілетінің дамуына да әсер етеді. Яғни, бала күнін тек ойынмен жоспарламай, арнаулы шеберлігін шыңдауға бағытталған апталықтар мен сайыстарға қатыса отырып, өзінің жетістікке қабілеттілігін сезіну арқылы, белгілі деңгейде қалыптаса алады. Бұл уақыттағы біздің негізгі міндетіміз – өсіп келе жатқан ағзаның демалуға, шығармашылық белсенділікке және қозғалысқа деген қажеттілігін мүмкіндігінше толық қанағаттандыру. Сауықтыру, танымдық және ойын-сауық сипатындағы іс-шаралардың нақты жоспарланған жүйесі балалардың физикалық және психикалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге көмектесуін қадағалай отырып ұйымдастырылады.
Балабақшадағы тәрбиеленуші балалармен жазғы сауықтыру жұмыстарының сәтті өтуі көбінесе оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларының оған қаншалықты сауатты және уақтылы дайындалғандығымен анықталады. Сауықтыру жұмыстарын жоспарлау кезінде мен, әдіскер ретінде, бірқатар қағидаларды ұстануды жөн санаймын. Олардың қатарында: профилактикалық, шынықтыру және сауықтыру технологияларын кешенді пайдалану, шынықтыру және сауықтыру іс-шараларын үздіксіз жүргізу, қарапайым және қолжетімді технологияларды қолдану. Бұл әрекетті ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – тәрбиеленушілермен сауықтыру жұмысының сапасын арттыру және жазғы кезеңде тәрбие-білім беру процесінің барлық қатысушылары арасында саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Осы аталған іс-шараларда балалардың қалауын ескере отырып, жас ерекшеліктеріне сай түрлі байқаулар, жарыс сипатындағы ойын-сауықтарды өткізу жолға қойылған. Сөзімнің тұздығы ретінде, төрт аптаға жоспарлаған төрт түрлі апталықты атап өткім келеді. Олар: «Сәлем, жаз!», «Жазғы қуаныш», «Денсаулық» және «Жол жүрудегі сауаттылық» аптасы. Осы кезге дейінгі үйретіліп келген оқу қызметтері тоқтағанымен, осы ұйымдастырылатын іс-шаралар арқылы да балалар жаңа ақпаратпен сусындап, күнделікті өзіне қажет болатын айналысындағы тылсым жағдайлармен танысуға мүмкіндік алады. Ал, «Жазғы қуаныш» апталығында, барынша көңілді ойындар ойнатылып, күн сайын гаджеттерге тәуелді болмай, сауық құру арқылы денені шынықтырудың әдіс-тәсілдерін практика жүзінде орындатамыз.
Балалар таза ауада асыр салып ойнап, ертегі тыңдап, қызықты спорттық іс-шараларға кенеледі. Осы мақсатта, олардың тұла бойына жауаптылықпен қарауға, аурудың алдын алып, иммундық жүйесін дұрыс қоректендіре білуге қатысты пайдалы мәліметтермен бөлісеміз және соған сай әрекет етулерін қадағалаймыз. Соңғы апталық – «Жолда жүрудегі сауаттылық». Бұл баланың қауіпсіздігі үшін өте қажетті деп санаймын. Себебі, кей кездері олардың жанында үлкен адам болмай қалған сәтте, олардың жолдан өтуі немесе үйінің жанында, ойын ойнап жүргенде көліктерден абай болуын ескертеді. Осындай жұмыстар арқылы балабақшадан бастап-ақ, олардың өз өміріне жауапты адам екендігін сезіндіре отырып, сергіту – оның болмысын дұрыс қалыптастыруға деген саты екенідігін алға тартамыз.
Сондықтан баланың білімді игерудегі қабілеті мен қоса шеберлігін шыңдауды, ойын арқылы дене тұрқының жас ерекшелігіне сай қалыптасуына, физикалық тұрғыдан да мықты болуына жәрдемесе білуіміз керек. Әр топ жас ерекшеліктеріне байланысты іс-шаралар ұйымдастырды. «Балапан», «Ягодка», «Ақ ерке», «Теремок», «Көбелек» және «Балдырған» тәрбиешілері мен дене шынықтыру, психолог-педагог, музыка жетекші мамандары атсалысып, қатысты. Жан-жақты дамыған баладан келешекте елдің көсегесін көгертетін жалынды жас шығатыны анық. Бүгінгі ұрпақ – келер заманның жаңалығын тудырушы, ұлттың ұйытқысы болатын жаңашылдықтың «кемелді» тұлғасы болмақ.
Эльмира РАМАЗАНОВА,
«Айналайын» бөбекжай-
бақшасының әдіскері,
Қарабалық ауданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.