Баланың жетістігі – қолдаудың нәтижесі

Выпуск - №3(500)   :   20.01.2022
237

Қостанай облысының психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының құрылғанына үш жылға жуық уақыт болды. Игілікті орда жан-жақты дамыған және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту жолындағы маңызды бағытты қамтамасыз етеді.

Елена Петренко «Салтанат би» хореографиялық үйірмесінің тәрбиеленушілері Гүлназ Ерлан және Марьям Серғазиновамен «Qostanaı» телеарнасының «Тобыл таңы» бағдарламасында

Атап өтер болсақ, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың есеюі барысында екі негізгі бағыт: қосымша білім беру және психологиялық қолдауы жүзеге асырады. Бұл күндері елімізде орталықтың баламасы жоқ. Жыл сайын қосымша білім беру мекемелерінің қабырғалары әртүрлі бағытта өзін дамытуға дайын 40 мыңнан астам баланы қабылдайды. Біздің орталық осындай 45 ұйымның жұмысын бақылайды. Өңірлік орталықтағы жұмыс облыстағы әрбір балаға жан-жақты психологиялық қолдау көрсетілетіндей етіп құрылған, өйткені бұл аспект тұлғаны қалыптастыру кезеңінде оқытудың ең қажетті құрамдас бөлігі.

Орталықтың психологтары жыл сайын сынып жетекшілерін, әлеуметтік педагогтерді, психологтарды, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларын өз тәрбиеленушілеріне дұрыс және уақытылы кеңес беру бойынша оқытады. Әр түрлі психологиялық тренингтер мен практикаларды қолдана отырып, оқыту практикалық семинарлары оқытылған мамандар өз кезегінде әріптестерін оқыта алады деген есеппен, педагогикалық жұртшылықты 100% қамтамасыз ете отырып, веерлік форматта өтеді. Бүгінде жұмыс өзектілігі жоғары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, суицидтік және девиантты мінез-құлықтың, буллингтің және кибербуллингтің алдын алу.

Былтыр конкурстармен қамтылған оқушылардың саны 40 мыңға жетті


Оқытудың практикалық маңыздылығы да жылдан-жылға өзгеріп отыратынын атап өткім келеді, өйткені орталық мамандары үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, түрлі халықаралық конференцияларға қатысады, жақын шет елдердің жетекші мамандарымен ынтымақтасады. Мысалы, 2021 жылғы мамырдан маусымға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Кәсіби психологиялық «Лига» ҚБ және Мәскеу қаласындағы «Білім психологтарының федерациясы» АҚБ бірлесіп ұйымдастырған «Білім беру мен әлеуметтік саладағы психологиялық сүйемелдеудің өңірлік практикаларын дамыту» халықаралық вебинарлар циклы өтсе, қазан айында Орталық халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Жыл сайын Қостанай қаласының техникалық шығармашылық мектебінің тәрбиеленушілері түрлі деңгейдегі жарыстардың жүлдегерлері атанып жүр

«Мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамыту (дағдарыстық кеңес беру, ерекше назар аударатын балалармен жұмыс)» тақырыбындағы онлайн форматта өткен конференцияның серіктесі «Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті» болды. Қараша айында Қостанай өңірлік университетінің психология кафедрасымен бірлескен халықаралық ғылыми онлайн конференциясы ұйымдастырылды. А.Байтұрсыновтың «Психикалық денсаулық: қазіргі шындықтар, тенденциялар мен перспективалар» атты мақаласына алыс шетелдердің (Болгария, Румыния, Греция, АҚШ, Германия) әріптестері де қатысты. Яғни, психологияның даму тенденцияларын үнемі бақылау Орталық мамандарына теориялық және практикалық жағынан жаңа әдістерді игеруге мүмкіндік береді.

Қостанай қаласының техникалық шығармашылық мектебі нәтижелілігі бойынша облыстың үздігі

Дамудың негізгі факторларының бірі – жобалар. Олардың арқасында жас психологтар да, шалғай немесе шағын аймақтардағы, аудан мен ауылдардағы мамандар да кәсіби өсіп, дами алады. Мәселен, Қостанай облысының орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының жас педагог-психологтарын қолдау, олардың кәсіби өсуіне жәрдемдесу және жеке педагогикалық қабілеттерін ашу, сондай-ақ тұрақты өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру мақсатында 2021 жылы құрылған «Жас психолог мектебі» атты жаңа жобамыз жоғары тиімділік көрсеткіштеріне ие болды.

Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымы – білім беруді жаңғыртудағы тиімді құрал

Жоба аясында жас педагог-психологтың кәсіби сауаттылығын арттыру бағытында онлайн форматта ұйымдастырылған семинарлар, практикумдар, консультациялар, сауалнама жүргізу, өздігінен білім алу және т.б. тиімді нысаны болып табылады. Бүгінгі күні мектепте 1300-ден астам адам оқытылды. Осыдан кейін біз өңірлерде көрсетілетін психологиялық қолдаудың сапасын қағидатты жаңа деңгейге қалай көтеру туралы ойлана бастадық және «Желілік үйлестірушілер» жаңа жобасын іске қостық. Мағынасы, облыстың әр аймағынан өз өңіріндегі оқу мекемелерінің мамандарында жұмыс барысында туындайтын күрделі мәселелерде көмек көрсету мақсатында әдістемелік құралдарды жақсы меңгерген тәжірибелі, белсенді педагог-психолог таңдалды. Осылайша, әр ауданда жұмысқа жетекшілік ететін және орталық мамандарымен тікелей жұмыс істейтін үйлестірушісі бар.

Облыстың 8 мыңнан астам оқушысы техникалық бағыттағы секциялар мен үйірмелерге қатысады

Осылайша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар шығармашылық атмосферасына, мектептер мен қосымша білім беру мекемелерінде оқуға жағымды әсер етеді. Қосымша білім берумен қамтылған балалар саны жыл сайын артып келеді – 45 МДҰ-да бүгінде 20 мыңнан астам оқушы оқиды, ал жалпы облыста қосымша білім берумен қамту 40 мыңға жуық баланы құрайды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда балалардың байқауларға қатысуынан да байқалады, олардың саны 10%-ға артты.

Орталық «Психология» және «Қосымша білім беру» бағытындағы жас мамандарға үлкен көңіл бөледі. Бір жылда орталықтан мыңнан астам маман оқудан өтеді

Қостанай облысында жұмыс оқушылардың психологиялық қолдауы мен тұлғалық өсуіне үлкен көңіл бөлумен құрылған. Облыстың қосымша білім беру жұмысы барлық қолданыстағы бағыттарда жүргізіледі: бұл сәндік-қолданбалы шығармашылық, әскери-патриоттық тәрбие және туристік-өлкетану қызметі; көркем-эстетикалық тәрбие, экологиялық-натуралистік қозғалыс, техникалық шеберлік, әлеуметтік-педагогикалық бағыт, сондай-ақ қосымша білім беру педагогтерінің жұмыс деңгейін арттыру үшін кәсіби шеберлік байқаулары.

Орталық мамандары жыл сайын оқыту семинарларынан, біліктілікті арттыру курстарынан өтеді


Өткен 2021 жыл бүкіл Қазақстан үшін, атап айтқанда білім беру саласы үшін маңызды жыл болды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында Меңдіқара ауданында қыш өнері кабинеті ашылды, онда балалар енді тұрмыстық заттарды оқып қана қоймай, оларды өз қолдарымен жасай алады. Биологиялық бағыт та дамуда, бірнеше гидропоника кабинеттері ашылды. Былтыр облыстың барлық мектептерінде театр үйірмелері мен студиялар ашылды, олардың қызметі күн сайын біздің Орталықтың әлеуметтік желілердері парақшасында жарияланып тұрады. Жалпы есепке алсақ, бүгінде облыста 118 театр үйірмелері мен студиялар ашылыпты, оларға 2018 бала тартылған.

Пікірсайыс қозғалысын дамыту саласында үлкен нәтижелер тіркелді. Осылайша, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында 4449 оқушыны қамти отырып (236%-ға ұлғаю) 380 пікірсайыс клубы мен үйірмесі (2020 жылмен салыстырғанда 245%-ға ұлғаю) өз қызметін жүзеге асыруда. Бұл клубтардың 126-сы мемлекеттік тілде, 251-і орыс тілінде, ал 3-еуі ағылшын тіліндежұмыс істейді. Осы жұмысты үйлестіре отырып, біз педагогтер мен жас дебатерлерді әдістемелік материалдармен толық қамтамасыз етеміз, әр бейсенбі сайын оқыту онлайн-семинарларын ұйымдастырамыз. Бүгінге дейін 600-ден астам педагогті қамтыған 230 вебинар өткізілгенін атап өткен ләзім. Бұл жұмыста бізге ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік орталығы мен дебат қозғалысының жобалық кеңсесі көмектеседі.

Өңірлердегі әдістемелік күндер оқу мекемелеріндегі психологиялық жұмыстың сапасын жақсартуға ықпал етеді

Былтырғы қазан айында облыста пікірсайыс қозғалысын дамытуға және насихаттауға бағытталған «Пікірсайыс қозғалысының жұлдыздары» облыстық инновациялық-ақпараттық жобасы енгізілді. Әлеуметтік желілердегі жеке парақшаның беттерінде барлық жүргізілетін жұмыстар, атап өтер болсақ: дебат клубтары, дебат қозғалысының көшбасшылары мен басшылары, дебатерлердің Алтын қоры туралы ақпараттар жарияланады. Осылайша пікірсайысты насихаттау және жариялауға ықпал ететін 2500-ден астам материал жарық көрді. Қостанай облысының командасы республикалық дебат турнирлеріне белсенді қатысады, 2021 жылдың қараша айында Ұлттық дебат турнирінде Максим Черанев «Сенімді спикер» номинациясына, ал Жансұлу Жаксимбекова «Әлеуметтік желілердегі үздік PR» номинациясына ие болды.

Жаңа жылдың бастында өткен жылдың нәтижесін шығарып жатқандықтан, нақты деректерге тоқталып кенген жөн. Орталық былтыр 34 облыстық, 11 республикалық – жалпы 49 іс-шара өткізгенін ерекше атап өтсек ләзім. Жалпы мектеп деңгейінде – 21 мың 953, аудандық деңгейде – 15 мың 660, қалалық деңгейде – 1376, облыстық деңгейде – 1179, республикалық деңгейде – 133, халықаралық деңгейде – 15 оқушы байқаулармен қамтылды. Ал нәтижелілігі бойынша қалалық білім ұйымдарының ішінде 1-орынға Қостанай қаласының техникалық шығармашылық мектебі (35 орын), 2-орынға Қостанай ауданының балалар шығармашылық үйі (15 орын) және Жітіқара ауданының балалар шығармашылық үйі (15 орын), 3-орынға Қостанай қаласының №1 Балалар музыка мектебі (13 орын), ал 4-орынға Қостанай қаласының А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі (12 орын) тұрақтады. БҒМ желісі бойынша республикалық байқаулардың нәтижесінде қанжығамызға 36 жүлделі орынды байладық. Оның ішінде үш Гран-при, тоғыз бірінші орын, он екі екінші орын және он екі үшінші орын, одан бөлек 3 жалпы командалық жүлделі орындар бар. 2020 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 27%-ға артты.

Білім беру жүйесінің қазіргі даму деңгейі қосымша білім беру мұғаліміне және оның кәсіби қызметіне жоғары талаптар қояды. Бұл білім берудің уақытқа сай икемделетін мазмұнымен байланысты. Сондықтан болашақта да алған бағытымыздан таймай, қосымша білім берудің барлық салаларында белсенділік танытып, жұмысымызды одан әрі егжей-тегжейлі пысықтауды жоспарлап отырмыз.

Елена ПЕТРЕНКО,
Психологиялық қолдау және
қосымша білім беру өңірлік
орталығының директоры

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.