Осындай тақырыпта «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында туған жерге, яғни туған қаламыз Арқалық қаласына деген балалардың сүйіспеншілігін ояту мақсатында қосымша білім беру орталығында компьютерлік графика және сурет байқауы ұйымдастырылды.
Жас ұрпақтың жан-жақты көзқарасы мен елге деген махаббатын сурет арқылы жеткізуі үлкен шығармашылықты талап ететін дүние. Туған жердің табиғатын – бір дайын туынды ма дерсің. Ол өнер сүйетін жанның шабытына шабыт қосып, қылқаламына жақсы рең берері сөзсіз. Байқауда талас пен тартыс көп болды, себебі әр туындының астарында терең мағына байқалды. Жалпы, басты талап та, мақсат та бір еді – оқушылардың танымдық деңгейлерін қалыптастырып, ортаға, қоғамға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Байқауға қаламыздың мектеп оқушылары қатысты. Ережеге сай байқау екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде оқушылар үй тапсырмасы ретінде графикалық сурет салса, екінші кезеңде олар орталықта тәжірибелік тапсырмаларын орындады. Шығармашылық сайыстың қатысушылары орталығымыздың мәжіліс залында орналастырылып, жұмыстарын ережеде көрсетілген уақыт ішінде орындады. Байқауда оқушылар бір техникамен шектелмей, әртүрлі тәсілдерді қолданып, сурет салды. Атап айтқанда, олар қарапайым түрлі-түсті қарындаштардан бастап, акварель және гуашь бояуларын пайдаланды.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысына әділ бағасын беріп, нәтижесінде бірінші кезең бойынша бірінші орынға А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия оқушысы Айсұлу Рамазан, екінші орынға гимназия оқушысы София Симанович, үшінші орынға Кейкі батыр атындағы мектеп оқушысы Әмір Хамзин және №8 мектептің оқушысы Гүлнар Төлеу ие болды. Ал, екінші кезең бойынша жүлделі бірінші орынды гимназия оқушысы Нелли Толстыкина, екінші орынды А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия оқушысы Нұрлан Айерке, үшінші орынды Кейкі батыр атындағы мектеп оқушысы Айару Асылбекқызы иеленді. Жеңімпаздар Қосымша білім беру орталығының мадақтамаларымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Оқушылардың шабыты олардың туындыларынан анық көрінді. «Болашақ қала – Future Arkalyk» байқауының тақырыбы өз деңгейінде толық ашылды деуге болады. Байқаудың басты талаптарын оқушылар жоғары деңгейде орындап шықты. Осындай іс-шаралар дарындардың шабыты мен ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Әр байқау сайын жастардың барын салып, алға ұмтылып, жеңіске талпынатыны қуантады.
Бекзат ҚАБУСАҒИТ,
Қосымша білім беру педагогі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.