«Дарын» театр ұжымының жарқын жеңісі

Выпуск - №14(662)   :   11.04.2025
748

Алматы қаласындағы №6 Оқушылар үйінде III Халықаралық «Алға жетістікке» балалар театр фестиваль-байқауы өтті. Бұл іс-шара балалардың орындаушылық шеберлігін арттырып, театрландырылған шығармашылығын сақтауға және дамытуға бағытталған.
Байқаудың құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары: Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары федерациясының және Балаларға арналған қосымша білім берудің Еуразиялық қауымдастығының (БҚББЕҚ) қолдауымен, Алматы қаласы білім беру мекемесінің КМҚК «№6 Оқушылар үйі» ЮНЕСКО клубы. Мықтылар бас қосқан «Алға жетістікке» балалар театр фестиваль-байқауына біздің «Шұғыла» шығармашылық орталығының «Дарын» театр ұжымы қатысып келді. Өзімнің жетекшілігімдегі өнер және драма үйірмесінің мүшелері Алматыда «Кейкінің кегі» қойылымын жоғары деңгейде сахналады.

1


«Дарын» десе – дарынға кілең дарынды өнерпаздар іріктеп алынған. Аудан орталығындағы Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары. Кейкі батыр рөлін Нұрсәт Қасымхан, батырдың зайыбы Ақжанның рөлін Іңкәр Күмісбай, Майлықтың рөлін Ғибрат Меңдібаев, солдаттың рөлін Қайсар Адиманов, әженің рөлін Ботагөз Ғабитқызы, келіннің рөлін Айару Серік, қызының рөлін Сезім Бораш сәтті орындап шықты.

Қазылар алқасы «Дарын» театр ұжымының өнерін саралай келе Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл облысында өткізілетін VIII Халықаралық «Өнөртай-2025» балалар театр фестиваліне жолдама берді. Сөйтіп, «Кейкінің кегі» жас өнерпаз оқушыларға елеулі жетістік сыйлады. «Шұғыла» шығармашылық орталығының сурет үйірмесінің жетекшісі Нұрсұлу Мирамбек те сахналық киімге, сахна безендіруге, грим жасауға атсалысып, жастардың жетістікке жетуіне өз үлесін қосты.

2


Театр ұжымы қолдау көрсеткені үшін аудандық білім бөліміне, Қ.Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйіне, «Шұғыла» шығармашылық орталығына шексіз алғыс білдіреді. Сөздің орайы келіп тұрғанда, Амангелді ауданы білім бөлімінің басшысы Дихамбаев Мұрат Сембайұлының қолдауын ерекше атап өткім келеді. Блім бөліміне басшы болып орналасқан кезі еді. Әлі есімде, 2018 жылы облыстық «Армандастар» балалар шығармашылығының фестивалінде бізге сенім артты. Аудан атынан барған соң, дайындық жұмыстарын сапалы жүргізіп, «Сахналық қойылым» бағыты бойынша дәл осы «Кейкінің кегі» қойылымымен облыстан жүлделі 1-орынды иелендік.


3

4


Одан кейін де «Қазыбек би», «Қазақ елі» қойылымдары және «Шалқан» ертегісімен 2019-2021 жылдары аралығында да төрт жыл қатарынан жүлделі 1-інші және 2-інші орындарды иелендік. «Қазақстан балалары шексіз әлемде» балалар кино фестивалінің «Ойынды кино», «Киножурнал», «Ғылыми кино», «Үздік әлеуметтік жарнама» бағыттары бойынша соңғы үш жыл ішінде облыстан жүлделі орын алып, республикалық кезеңде жетістікке жеттік. Ал өткен жылы «Әбіш оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңінде «Сахналық қойылым» бағыты бойынша 3-орын алдық. Алматы қаласындағы «Balbulaq» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен Y Республикалық «Көктем шуағы» өнер байқауында «Сахналық қойылым» бағыты бойынша бас жүлде алдық. Осындай жетістіктерге жетуімізге Мұрат Сембайұлының үлесі зор.

Өз басым өнерлі жастар бас қосқан үйірменің жетекшісі ретінде сабақтарды жаңаша бағытта өткізуге тырысамын. Жақында үйірме оқушылары «Менің сыныбым» атты қысқа метражды киноны жарыққа шығарды. Бұл – үйірме оқушыларының осы бағытта жасаған сәтті туындысы. Алдағы уақытта да жас өнерпаздар жұмыстарын жалғастыра бермек. Болашаққа жоспары мен мақсаттары айқын. Ендеше мәдениет пен өнерді, әдебиет пен руханиятты ұштастырып жүрген «Дарын» театр ұжымына сәттілік серік болғай деп тілек білдіреміз.

Әнет ЖҰМАБЕК,
Амангелді ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.