Демалыс пен достық мекені

Выпуск - №23(671)   :   11.07.2025
528

1

Жаз – оқушылар үшін тек демалыс емес, үш тоқсан бойғы еңбектен кейінгі еркін тыныс, шытырманға толы қызықты шақ. Күн шуағына бөленген маусымда балаларға арналған лагерьлердің маңызы ерекше.

Лагерь – тек ойын мен демалыс орны емес. Ол – бала бойындағы шығармашылықты оятатын, жауапкершілік пен ұқыптылыққа үйрететін орта. Түрлі үйірмелер, спорттық жарыстар, ән-би кештері, табиғат аясындағы экскурсиялар – мұның бәрі баланың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Жаңа достар тауып, бейтаныс ортаға бейімделуді үйреніп, әрбір оқушы өзін жаңа қырынан тани бастайды. Әсіресе мұғалімдер мен тәрбиешілер ұйымдастыратын шеберлік сабақтар мен топтық ойындар балалардың көңілінде ұзақ сақталып, тәрбиелік мәні жоғары іс-шараларға айналады.
Мұғалімдер үшін де бұл – шәкірттермен бейресми жағдайда жақын араласуға, педагогикалық қарым-қатынасты нығайтуға таптырмас мүмкіндік. Таңғы жаттығу, бір үстел басындағы ас, кешкі әңгіме – бәрі ұзаққа сақталатын естеліктерге айналады. Дегенмен лагерь өмірі тек қызық пен ойыннан тұрмайды. Қауіпсіздік пен тәртіптің сақталуы аса маңызды. Балалар тәрбиешілердің нұсқауын тыңдап, белгіленген тәртіпті сақтауы қажет. Жеке гигиена, табиғаттағы жүріс-тұрыс, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну – денсаулық кепілі. Ал егер бала лагерьдегі сәттерін естелікке айналдыру үшін шағын күнделік жүргізіп отырса – бұл оның өз ойын қалыптастыруға көмектесіп, жазу машығын дамытуға сеп болады.
Жазғы лагерь – балалық шақтың жарқын беттері, жүректе сақталатын жылы сәттер, достық пен жаңа әсерге толы өмір мектебі. Сондықтан әр ата-ана баласының осындай мүмкіндікке ие болуына жағдай жасап, әрбір мұғалім оны тәрбиелік мәні жоғары тәжірибеге айналдыра алса – бұл нағыз табыс болмақ.

Аружан АНИСОВА,
ҚӨУ студенті

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.