Ерекше әрі көркем спорт түрі

Выпуск - №13(561)   :   10.04.2023
621

Барлық спорттың ішінде жауырын мен иық бұлшық еттерінің белсенді қимыл-қозғалысы тек екі спорт түрлерінде бар екендігін білесіздер ме? Айта кетелік, бірі – ұлттық спорт «Садақ ату» болса, екіншісі – «Жүзу» саналады. 

Бүгінде спорт түрлерінің ішіндегі күрделісі әрі ерекше көркемдігімен көзге түсетін «Жүзу» спорты жайында сөз қозғайтын боламын. Жүзумен айналысу үшін міндетті түрде спортшы болуымыз шарт емес, кез келген адам, яғни нәрестеден бастап, егде жастағы адамдарға дейін шұғылданып, хобби ретінде айналыса алады. Тіпті ғалымдарымыздың зерттеу жұмыстары бойынша нәресте кезден бастап жүзіп үйренген балалардың миы ертерек жетілетіндігін дәлелдеген болатын. Одан бөлек бойымыздағы бұлшық еттердің барлығы дерлік жұмыс жасап, денсаулығымыздың мықты әрі шымыр болуына өз ықпалын тигізетіні анық.

Барлығымызға белгілі жүзудің негізгі төрт түрлі әдісі бар. Олар: кроль, брасс, баттерфляй, шалқалап жүзу. Әр әдістің өзіндік ерешеліктері бар екені сөзсіз. Барлық түрін меңгеру үшін арнайы секция және үйірмелерге барып, жаттықтырушымен бірге үйрену қажет. Бірақ, біздің Би-аға мектебінің оқушылары үшін бұл мәселе еш қиындық туғызбайды. Себебі, мектебіміз ашылған сәттен бастап, тәлім алушылар үшін арнайы хауыз салынып, сонымен қатар жүзумен айналысу үшін керекті құрал-жабдықтардың барлығы толық қамтамасыз етілген болатын. Бағдарлама бойынша дене шынықтыру сабақтары аптасы үш рет болса, екі сағаты спорт алаңы мен мектеп алаңында өткізілсе, ал үшінші сағаты жүзу сабағына арналған, яғни хауызда өткізіледі.

Мектебіміздің 2-11 сынып аралығындағы әрбір тәлім алушылары үшін жүзумен жеке спорт ретінде терең меңгеріп айналысуларына мүмкіндіктері өте көп, әрі жоғары екенідігін айтқым келеді. Жүзумен сабақтан тыс, қосымша айналысамын деген оқушыларымыз үшін, әрине «Жүзу» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жұмыстарын арнайы жүзу жаттықтырушы өткізеді. Қорыта айтқанда, «Жүзу» спорты өзінің күрделілігімен және көркемдігімен әрбір адам баласын баурап алатыны анық. Болашақта Би аға мектебінің тәлім алушылары «Жүзу» спортынан еліміздің туын желбіретіп, ел намысын қорғап, үздіктер қатарынан көрінетініне сеніміміз мол.


Аруна СӘБИТБЕК,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназияның
дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.