Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
15/03/26 Воскресенье

Көңілді әрі қызықты демалыс

Выпуск - №25(622)   :   27.06.2024
699

1

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсандық демалыстар болғанымен, жаз кезіндегі демалыс балаға сүйікті ісімен айналысып, еркін демалуына ерекше мүмкіндік береді.

Жаз мезгіліндегі уақыт балалардың негізгі сабақтан босап, қызығушылығымен айналысуына, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін арттыруға, достарымен емін-еркін қатынас жасап, еркін ойнауға мүмкіндік береді. Бұл шараларды балалардың күндіз келіп демалатын жазғы лагері іске асырады десек те болады.
Дәстүрлі Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы лагері өз жұмысын қызу бастап кетті. Биылғы бастауыш сынып оқушылары үшін қызыққа толы жазғы демалыс ерекше өтуде. Тәрбиешілер Н.Айтжанова, Г.Бекентаева және Л.Сұлтанғалиева – бастауыш сынып мұғалімдері, көп жылдық тәжірибесі бар білікті мамандар. Оқушылармен жұмыс істей отырып, баланың бойындағы ерекше қабілеттерді шыңдап келе жатқан тәжірибелі ұстаздар. Арнайы құрылған жоспарға сай көптеген қызықты іс-шаралар өткізіліп келеді.
«Айгөлек» жазғы лагерінің ашылу салтанаты, «Рәміздер күні», «Саламатты өмір салты күні», «Достық күні», «Отбасы күні», «Ұлттық құндылықтар күні» іс-шараларын ерекше өткізді. Күн сайын оқушылар түрлі қызықты шараларға қатысып, ерекше көңіл-күйде болды. Оқушылардың болашағына бағыт-бағдар беру, сүйікті мамандықтарын таңдай білуге жағдай жасау мақсатында «Мамандықтар әлемін ашамыз?» ойын сабағы өткізілді. Бүлдіршіндер өздері қандай мамандықты сүйетіндерін ортаға салып, арман-мақсаттарын айтып берді. «Айгөлек жұлдыздары» атты өнер байқауына қатысқан балалардың ерекше қабілеттері ашылып, әнші, биші, көркем сөз шеберлері, қолөнер шеберлері анықталды.
Баланың дара қасиетін ашу, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы тұлғаның даралығын ашу – ұстаздар үшін ең басты қасиет. «Айгөлек» жазғы лагеріне тәжірибе жинақтауға келген болашақ ұстаздар – Г.Мұхтар мен Г.Қабдуаит – жан-жақты ізденіп, жаңашылдықпен көзге түсіп келеді. Өз кезегінде, олар балалармен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеріп, білгендерін үйретуге ерекше ықылас танытуда. Жазғы уақытта жеткіншектердің ерекше демалысын ұйымдастырып отырған тәрбиешілермен қатар болашақ педагогтерге де шығармашылық табыс тілейміз.

Айгуль САТАЕВА,
А.Қоңқабаев атындағы
ЖББМ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Жангелдин ауданы

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.