Қосымша білім беру – тәрбиенің ажырамас бөлігі

Выпуск - №28(625)   :   09.08.2024
551

3-1-1


Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер баланың тұлғасын дамытуды, оның шығармашылық қабілеттерін ашуды және болашақта жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді.

3-1-2


Қосымша білім беру жағдайында балалар өздерінің шығармашылық әлеуеттерін, заманауи қоғамға бейімделу дағдыларын дамыту және бос уақыттарын толық ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Бала тұлғасын «жақын арадағы даму аймағы» ретінде балаларға қосымша білім беру, балалардың қалаулары мен қажеттіліктерінің әрқашан ұштасатын, білім беру үдерісін жекелендіруді, мектептің, ауданның, өңірдің білім беру үдерісінде әр балаға жеке білім беру траекториясын жасап шығаруды қамтамасыз ете алады.

Қостанай ауданының Балалар шығармашылық үйі жастардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, тәрбие жұмысына елеулі үлес қосады. Балалар шығармашылық үйі жалпы білім беретін мектептермен, басқа да білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, үздіксіз білім беру жүйесін құрайды. Ұжымның табысты жұмысының басты шарты – әр педагогтің кәсіби құзыреттілігі, ал Балалар шығармашылық үйінің бүкіл жұмыс жүйесін біртұтас етіп байланыстыратын қосымша білім беру педагогтерінің педагогикалық шеберлігін арттырудың маңызды құралы – әдістемелік жұмыс.

Осы орайда, Балалар шығармашылық үйінің педагогтері шығармашылық алаң қалыптастырып, практик-педагогтер ортасында өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп келеді. Мәселен, биыл Мичурин ЖББМ базасында мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, қосымша білім беру педагогтері және пікірталас үйірмелерінің басшылары үшін «Мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар өтті. Балалар шығармашылық үйінің басшысы Исмагулова Клара Саттаровна «Тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастырудағы жалпы орта және қосымша білім берудің өзара іс-қимылы» тақырыбында сөз сөйледі.

Қосымша білім беру педагогтерімен екі секция ұйымдастырылды: басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бекмухамбетова Гульдана Жарылкасыновна «Қосымша білім берудің ерекшеліктері, мазмұны және нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі» және әдістемелік бөлімі меңгеруші Зотова Махабат Бекижановна «Қосымша білім беру педагогінің кәсіби өсуі білім беру сапасын қамтамасыз ету шарты ретінде» тақырыптарында баяндама оқыды. Сондай-ақ, қосымша білім беру педагогтері Масанова Галия Ораловна, Оспанова Лайла Темирбековна және Снегирь Кристина Викторовна шеберлік сыныптарын өткізіп, пікірсайыс үйірмелерінің жетекшілері үшін тәжірибелі пікірсайысшылар Бабулова Жанна Беккожаевна мен Калиев Дастан Дүйсенұлы «Дүниежүзілік мектеп пікірсайыс форматы» бойынша оқыту жүргізді.

Ал, Балалар шығармашылық үйінің «Мобилография» үйірмесінің жетекшісі Рузикулова Алмагуль Батыркановна және «Блогер today» үйірмесінің жетекшісі Мусабаев Алмат Жанатович семинардың жарқын сәттерімен бөлісе алды. Мазмұнды басқосуда бастауыш, негізгі және жалпы білім беру мен балаларға қосымша білім берудің интеграциясы қазіргі педагогиканың ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылатын – тәрбие, оқыту және даму процестерін жақындастыруға мүмкіндік береді деген тұжырымға келдік.

Клара ИСМАГУЛОВА,
Балалар шығармашылық
үйінің басшысы,
Гульдана
БЕКМУХАМБЕТОВА,
басшының тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары,
Қостанай ауданы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.