Оқушылардың қабілеттерін арттыру мақсаты «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының басты қозғаушы күші. Осы бағытта алғаш рет қазақ және орыс тілдерінде «Брейн-ринг» зияткерлік сайысы өтті.
Бұған дейін орталықтың тыныс-тіршілігіне қатысуға деген жасөспірімдердің қызығушылығын арттыру мақсатында «XXI ғасыр көшбасшысы», «Мафия» сынды ойындарды ұйымдастыратынбыз. Енді жаңа бір дүние әкелу мақсатын көздеп, «Брейн ринг» зияткерлік сайысын қалыптастырдық. Аталмыш ойынның мақсаты – оқушылардың карантин кезіндегі уақытын тиімді пайдалану. Отауішілік жарыс болғандықтан, әуелі екі апта бойы үздік топтарды іріктеу кезеңі жүргізілді. Зияткерлік сайысқа орталығымыздағы әрбір үйірме бір-бір командадан шығарып, нақтылар болсақ талап бойынша 8 бен 11-сынып аралығындағы оқушылардан құралған 16 команда қатысып, білімі мен зияткерлік қабілеттерін ортаға салды.
Ойын 5 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде мектептегі пәндер бойынша сұрақтар қойылды. Оның ішінде сұрақтар қазақ тілі, математика, физика, қазақстан тарихы, география, информатика пәндерінен 9-сыныпқа дейін өткен тақырыптарды қайталауға бағытталды. Екінші «Логикалық сұрақтар» кезеңінде LED экраннан көрсетілген логикалық тапсырмалар қатысушылардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Үшінші кезең «Полиглот» деп аталды. Аталған кезеңнің шарты бойынша, қатысушыларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тапсырмалар беріліп, оқушылардың үш тілді білу деңгейлері анықталды. Барлық сұрақтарға кедергісіз жауап берген оқушылардың талпынысын ерекше айта кетсек ләзім.
Төртінші «Эрудит» кезеңінде оқушылар 60 секундта қойылған 20 сұраққа жауап берсе, соңғы «Оратор» кезеңі де өз деңгейінде өтті. «Тәуелсіздікке құттықтау» тақырыбында қатысушылармыз өздерінің ойларын қағаз бетіне түсіріп, құттықтау лебіздерін жазды. Сайыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс аралас келеді. Сондықтан қатысушы топтар үлкен дайындықпен келгендіктерін көрсетіп бақты. Әр кезең барысында оқушылардың қызығушылықтары артып, шығармашылықпен ат салысқан топтар тартысты ойын көрсетті.
Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір дегендей сайыстың «Полиглот» кезеңі өте қызықты өтті. Әсіресе оқушылардың сөз баптаулары көпшілікті таңдандырды. Білім додасының финал ойындарына «Достың ақыл кеңесі – жауларға қарсы ең жақсы сүйеніш» нақыл сөзін ұран еткен «Феникс» балалар керамикалық шеберханасы, «Жас-Ұлан» қалалық кеңес штабының командасы, «Достық» жас блогерлер клубы, «Денсаулық айнасы» командалары өтті. Олардың ойындарына қаламыздың жас білікті мамандары қазылық еткенін айта кеткен жөн. Финалда бақ сынаған «Денсаулық айнасы» клубының зияткер жастарынан құралған топ жеңіске жетті. Қатысушылардың арасында алғырлығымен көзге түскен Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Ксения Туранина «Үздік эрудит» аталымына ие болды.
– «Брейн-ринг» – осы уақытқа дейін қатысқан ең керемет сайыстардың бірі. Ол жылдам ойланып, шешім шығару қабілетін дамытуға, білім көкжиегімізді кеңейтуге және білімімізді тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ аталмыш сайыс қатысушыларды командада жұмыс істеуге баулып, жеңіске деген ұмтылысымызды арттырып, бәсекелестікті бекем етеді, – дейді Ксения. Дода барысында қатысушы командалар жеңіске жетуге деген құштарлықтарын көрсетіп, ойында қарсылас болғанмен шынайы өмірде дос екендіктерін дәлелдеді.
Ерік АБЖАНОВ,
«Жас-Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер орталығы,
дебат клубының жетекшісі,
Арқалық қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.