Жаңа технологиялар мен жаңа дүниелер пайда болған заманда өмір сүріп жатқан бүгінгі ұрпақтың, сол бір уақытша дүниелердің жетегінде кетіп, ғаламтор желілерінің желімен ұшып, дауылымен ұлып, таңымен атып, күнімен батып жатқаны мәлім.
.jpeg)
Тіпті кейбір жандардың ғаламторсыз өмірін елестете алмайтынын да байқаймыз. Адам баласы осы бір техниканың құлы емес, оны керісінше өз мақсатына дұрыс пайдалана білетін, оның артықшылығын қолдана алатын тұлға болып қалса екен деген ниет қана. Ғаламторда ақпараттың таралу, даму жылдамдығы соншама, оның қарқынына да ілесе алмайсың. Сонымен қатар бұл жерлерде адамның өміріне пайдасымен қоса зияны қатар жүретін ойындардың көптеп таралып жатқанын да айтқым келеді. Осындайда ұрпаққа аманат ретінде, ақыл ретінде айтпағым: жастар адам санасын улайтын ақымақ, пасық ойындардан аулақ болса игі.
Оның орнына ақылыңды асыратын, санаңа сары алтындай сақталатын, ескіден келсе де естілігін жоғалтпаған, елінің ерлері ғана ойнаған, есті ойын – шахмат ойына әуестенсе, игілігі мол болар еді. Бұл ойынның тарихының өзі сонау әріден екені белгілі. Қарапайым қарадан бастап, ханның да ойнағаны мәлім. Тіпті жыл өткен сайын, бұл ойын өзінің маңыздылығын жоймай, керісінше сұранысқа ие болып, тіпті мектеп бағдарламаларына да еніп жатыр. Осы тұста біз де басқалардан қалыс қалмай, балалардың қызығушылығын ояту мақсатында Федоров ауданындағы Балалар шығармашылығы үйімен бірлесіп, «Шах-Мат» үйірмесін ашқан болатынбыз.
.jpeg)
Үйірме өз жұмысын ойдағыдай атқарып келеді. Бүгінде үйірмеде барлығы 20 оқушы білім алады. Жеткіншектердің ойлау қабілеттерін дамыту, ойынға деген қызығушылығын ояту, шахмат ойыны туралы жалпы мағлұмат беру – үйірменің баста мақсаты болса керек. Атап өтетін жайт, аз уақыттың ішінде көптеген жетістіктерге жетіп үлгердік. Аудандық сайыстарда үнемі алдыңғы орындардан көрініп жүрген оқушыларымыз да аз емес. Болашақта облыстық, республикалық деңгейде биіктерден көрінсек деген мақсатпен жұмыс істеп келеміз. Жеткен жетістіктерімізбен қатар шығатын биіктеріміз әлі алда деп ойлаймыз.
Володия ХОВЛАН,
Балалар шығармашылық үйі
қосымша білім педагогі,
Федоров ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.