Мектеп оқушыларының көптен аңсап күтетін мезгілі – бұл, әрине, жаз. Демалысын ала келетін бұл маусымның қызығы да таусылмас. Жазғы демалыс балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады.

Сондықтан да жаз – балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың жеке басына тән байланыстарын жетілдіру, әлеуметтік-мәдени және білім беру құндылықтарына араласу, әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, жоспарларын жүзеге асыру, жеке бас мүдделерін қанағаттандыру, ойын-сауық, бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын толтыру, денсаулығын нығайту кезеңі. Ал олардың демалысының ойдағыдай өтуіне жағдай жасау мақсатында біздің Әулиекөл бастауыш мектебінде жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді.

Оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізуге бағытталған жоспарға сай, оқушылармен орманға бір күндік саяхат ұйымдастырылды. Аталған саяхат барысында оқушыларымызды қызыққа толы сырлы, құпиялы жағдайлар мен алуан түрлі ойындар, көңілді билер күтіп тұрды. Бір күндік орманға саяхатымыз тәлім сәтінен бастау алып, ертегі кейіпкері Буратиноның сиқырлы қобдишадағы карточкалардағы нұсқаулық жолдары арқылы әр аялдамаларға бастау алды. «Шаттанайық, ойнайық, серігіп бір қалайық» аялдамасында мектеп психологының алуан түрлі ойындары күтіп тұрса, «Шынықсаң, шымыр боласың» аялдамасында дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жәнібек Есімханның спорттық сайыстары тосып алды.

«Hello friends» аялдамасымен оқушыларды ағылшын пәнінің мұғалімі Аділжан Аділхан қарсы алып, логикаға толы тапсырмаларын бастап кетті. Ал «Алтын досым, биге қосыл» атты аялдамасында мектеп тәлімгері Асем Нурситова заманауи әуендерімен оқушыларымызды баурап алып, бидің түр-түрін билетті. Әр аялдаманың тапсырмалары мен ойындарын белсенділікпен, мүдірмей орындаған оқушыларымызды Буратино жасырып кеткен тосын сыйы тосып тұрды. Ол, әрине, алтын кілті, яғни «білім кілті» болатын.

Оқушыларымызға жаңа оқу жылында білімді, тәрбиелі болуларына тілек білдіріп, жасырып кеткен білім кілтін мектебіміздің биылғы түлегі Ерсұлтан Салимов тауып алып, Буратиноның тілегін оқушыларға жеткізді. Бір күндік орманға саяхатымызда оқушыларымыз орманның тұнық таза ауасымен терең тыныс алып, демалып, шаттанып, бір марқайып қалды.
Индира ҚАЛИАСҚАРОВА,
Әулиекөл бастауыш
мектебінің
педагог-психологы,
педагогика ғ.м.
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.