Республикалық турнирге жолдама алды

Выпуск - №24(471)   :   19.06.2021
470

Жуырда Қостанай қаласында жекпе-жек (ММА) спорт түрінен іріктеу турнирі өтті. Оған Қостанай, Көкшетау, Арқалық, Рудный, Жітіқара қалаларынан және Амангелді ауданы сынды облысымыздың басқа да аудандары қатысты.

Облыстық MixFait MMA аралас жекпе-жегінен Амангелді ауданының «Батыр» аралас жекпе-жек (ММА) өнерін үйрету үйірмесінің оқушылары жүлделермен оралып, республикалық турнирге жолдама алды. Аз уақыттың ішінде бұл үлкен жетістік. Жас спортшыларымыз аудан мәртебесін облыстық деңгейде асқақтаты.
– Амангелді ауданында жақын арада ашылған «Батыр» клуб кешені бірнеше жарыстарға барып, жүлделермен оралдық. Таяуда облыстық іріктеу жарысы Қостанай қаласында өткен болатын. Бұл жарыста тағы да шәкірттеріміз жақсы нəтиже көрсетті. Алдағы уакытта шәкірттер федерация MixFait MMA аралас жекпе-жегінен Республикалық жарыста өнер көрсететін болады. Ол еңбек пен дайындықтың жемісі, – дейді жаттықтырушы Исламбек Турганов.
Аталмыш сайыста «Батыр» клубының шәкірттері Әсет Әбдуашов, Нұргүл Смайлова, Ерғұлан Борашов, Азамат Әлиханұлы, Мейіржан Қайыржанұлдары жүлделі 1-орын алса, Саят Таймас, Асылжан Асхат, Бекарыс Бақытов 2-орынға ие болды. Ал Ербол Өнертаев 3-орынды қанжығасына байлады.



Амангелді ауданында аралас жекпе-жек (ММА) өнерін үйретуге бағытталған «Батыр» үйірмесі биыл ашылған-тын. Үйірменің ашылуына Б.Қолдасбаев атындағы мектептің мұғалімі Исламбек Турганов пен Бауыржан Сағынбаев мұрындық болды. Олар Қостанай қаласының облыстық ММА аралас жауапкершілік жекпе-жек бірлескен федерациясының айлық курсын оқып, сертификатын иеленген. Жаттығу алаңы М.Маметова көшесінде орналасқан 23 үйдің жертөлесінде орналасқан. Үйірмеге аудан жастары және оқушылар қызушылықпен келді.
Үйірмедегі жаттығу жұмыстары бірден қызу қарқынмен басталды. Оқушылар арасында олардың жаттығу деңгейіне сай іріктеу жасалды. Артынша түрлі турнирлер мен жарыстарға қатыса бастады. Жетістіктері де көп күттіріп қойған жоқ. Алға қойған мақсат та сол болатын. Нәтижесінде шәкірттері облыстық сайыстарда жиі жүлделермен оралып келді. Жеңімпаз жеткіншектер әлі де биік белестерді бағындырады деген сенімдеміз.

Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының көркемдік жетекшісі,
Амангелді ауданы

 

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!