«Шебердің қолы алтын», – дейді атам қазақ. Осы орайда «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Айсауле Сейдинаның ұйымдастыруымен «Шебер қыз-2022» байқауы өтті.

Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – оның қолөнері. Көз жауын алатындай бұйым жасап, асыл тастардан сән бұйымдарын соққан халық шеберлерінің ісі мақтауға тұратын өнер туындысы деп білемін. Мақсаты – келешек ұрпаққа қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу, оқушылардың өздігінен ізденіп, ұмыт болып бара жатқан өнерін қайта жандандырып, оның шығу тарихын өз қолдарымен жасап, сәндік қолданбалы өнерді қайта жаңартуға баулу.

«Шебер қыз-2022» байқауы төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы таныстыру кезеңінде әр қатысушы өздерін таныстырса, екінші кезеңде қатысушылар ән шырқап, би билеп, т.б. өнерлерін көрсетті. Үшінші кезеңде қатысушылар қолдан жасалған киімдерімен сән үлгісін көрсетті. Төртінші кезең – «Шебердің қолы алтын» деп аталды. Онда қатысушылар қағаздан, бисерден, матадан, т.б. заттарын әкеліп, сол жерде жасап көрсетеді.

Сайысқа оқушылар өте жоғары деңгейде дайындалған. Нәтижесінде бас жүлдені Айзере Кенжеғали, 1-орынды Айда Дінмұханбетқызы мен Айнұр Айтуар, 2-орынды Ақсауле Түркен мен Айзере Бақытбек, 3-орынды Кәусар Бейсенғали, Айзере Төлеубаева және Сезім Серік теңдей бөлісті. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» БЖШО,
Амангелді ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.