Қостанай облысы білім басқармасының дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризм орталығының спорт залында Қ.Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған жасанды рельефте туристік көпсайыстан облыстық жарыс ұйымдастырылды.
Өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылардың басын қосқан жарыс қарашаның 21-24 аралығында өткізілуде. Алғашқы күнінде болып, қатысушылардың дайындық деңгейі мен ептілігінің куәсі болып қайттық.
– Бүгін осындай шағын кеңістікте балалар әртүрлі кезеңдерден өту техникасын көрсетеді. Бұл тік көлбеу өткелдер, аспалы өткелдерге жұмардың көмегімен түсу және көтерілу және т.б. Жалпы жарысқа облысымыздың бірқатар өңірлерінен 11 балалар командасы және 5 жасөспірімдер командасы қатысуда. Кейбір командалар ауа райына байланысты жарысқа келе алмады. Жыл сайын бізде контингент қосылады. Білім басқармасы өңірлерде жас туристер станциясын ашты. Осындай іс-шаралардың арқасында туристік көпсайысқа, жалпы осы спорт түріне қызығушылық танытушы балалардың саны артып келеді, – дейді Қостанай облысы білім басқармасының дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризм орталығының директоры Қуаныш Бимурзин.
Жалпы туризм денсаулықты нығайтуға, арнайы білім мен икем-дағдыларды игеруге, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына кең жол ашады. Сол туризмнің ерекше бағыттарының бірі – осы туристік көпсайысқа қызығушы жастардың қатары қалың бүгінде. Бұл бағыттың қосымша білім беру жүйесінде алатын орны ерекше.
– Туризм жастардың бойында аса қажет бірнеше қасиетті дамытады. Біріншіден, жылдамдық. Өйткені, жасалатын барлық элементтер жылдамдықпен орындалады. Екіншіден, ептілік дамиды. Сондай-ақ, физикалық дайындық пен күшті дамытады. Өйткені, көлбеу бұрышы 50 градустан асатын тік бұрышты өткелден өтер кезде қол мен аяқтағы күш өзінің салмағын көтеру үшін маңызды. Мұның бәрі де бір реттік емес, бірнеше рет қайталанылады. Бұл тұста ол төзімділікті дамытады деуге әбден болады, – дейді Қостанай облысының спорттық туризм федерациясының төрағасы Назым Аманов.
Жарыстың алғашқы күнінде көремендердің жанын шүберекке түйіп, сәтті өтуін барынша қалаған Ернар Гиса мен Матвей Горбатенконың бірлескен жұмысы болды. Олардың айтуынша, спорттың бұл түрінде өзара түсіністік пен командамен бір мақсатқа жұмылудың маңызы аса зор.
– Бұл жарысқа екінші жыл қатысып отырмын. Әрине, спорттың осы түріне физикалық күш қажет. Өзім бұған дейін күреспен айналысқанмын. Соның да қазіргі қызығушылығыма үлкен септігі тиді деп айта аламын, – дейді Қостанай қаласындағы №17 ЖББ мектебінің оқушысы Ернар Гиса.
– Бұл спорт түрімен 6 жыл бұрын айналыса бастадым. Алғаш рет Лисаковск қаласындағы жарысқа бардым. Достық атмосфера, физикалық еңбек, табиғат – бұның бәрі менің жаныма өте жақын, – дейді қатысушылардың бірі Расул Ерболатов. – Спорттық туризм – бәріне бірдей ұнай бермейді. Адамның өзі бұл іске шынайы қызығушылық танытса, онда ол ұзақ уақыт айналысып қана қоймай, болашақта оған бар өмірін де арнай алады.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.