Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Волейболдан аймақтық жарыс

Выпуск - №16(564)   :   28.04.2023
904

Арқалық қаласындағы Қосымша білім беру орталығының жүлдесі үшін қыздар/әйелдер арасында волейболдан аймақтық жарыс ұйымдастырылды. Тартысты өткен жарысқа 8 команда қатысып, бақ сынады.

Спорт ойындарының ішінде кең тараған түрі – волейбол болса керек. Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының пікірінше, оның адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Волейбол ойынынан қыздар арасындағы жарыс ҚР Білім және ғылым министрлігінің жалпы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау бойынша ғылыми ұсыныстар негізінде «Тоғыз айға тоғыз іс-шара» тұжырымдамасының «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Қосымша білім беру орталығының «Намыс» волейбол үйірмесінің қыздар командасы иеленсе, ІІ орын Амангелді ауданынан келген командаға бұйырды. Ал жүлделі ІІІ орынды Амантоғай ауылының командасы місе тұтты. Жеңімпаз командалар орталықтың мадақтамасымен, кубокпен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларға ақшалай сыйлықтар табысталды. Игілігі мол іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.


Ғабит ХАСЕНОВ,
Қосымша білім
беру орталығы
«Намыс» волейбол
үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.