Қазақтың ұлттық аспабын ұлықтайтын Домбыра күніне орай Қостанай қаласындағы «Дорожный» кітапхана-филиалында «Халық рухының нышаны» музыкалық колейдоскоп іс-шарасы болып өтті.
.jpg)
Қазақтың қара домбырасының үні – күй өнері – ұлтымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі – ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен. Қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Есір, Тәттімбет, Махамбет, Дина, Сүгір, Қазанғап және басқа да күй қырандарының дәстүрлі жолын ұстанған ұрпақтар, күй өнерінің дарабоздары, күйші, домбырашылар қаншама десеңізші.
Шара барысында кітапханашы оқырмандарды домбыраның бағзы заманнан келе жатқан тарихымен таныстырып шықты. Сөз арасында ол домбыраның барлық қырлары мен сырлары жайлы әңгімені қызықтырып баяндап берді. Кітапханамыздың оқырмандарына «Ақсақ құлан» бейнеролигі көрсетіліп, артынша домбыра туралы кітапхана қорында жинақталған кітаптар ұсынылды. Сол арқылы оқырмандардың бойында жасы үлкенге, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлеріне деген құрмет сезімін қалыптастырып, адамгершілік пен жанның тазалығын сақтауға ықпал ете отырып, құнды дәстүрлердің мәнін жаңғырту көзделді.
Сондай-ақ кітапхана сөресінде оқырмандарға арнайы Домбыра күніне бағытталған буклет пен жадынамалар қойылды. Онда домбыра туралы толық мәліметтер қамтылғанын айта кеткен ләзім. «Білім кілті – кітапта» деген ұранды ұстана отырып, сіздерді «Дорожный» кітапханасына кітап оқуға шақырамыз.
Эльмира МИРЗАЛИЕВА,
«Дорожный» кітапхана-
филиалының кітапханашысы,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.