Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Ұлттық мұра – асыл қазына

Выпуск - №24(471)   :   19.06.2021
446

Облыс орталығындағы «Станционный» кітапхана-филиалында «Сән және дәстүр: ұлттық киім» атты іс-шара өтті. Оған қаламыздағы №15 орта мектептің оқушылары қатысты.

Шара барысында қатысушыларға халқымыздың ұлттық киімдері жайлы ақпарат беріліп, тақырып аясында презентация мен бейнематериал көрсетілді. Оқушылар кітапхана қызметкеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын да ала білді. Одан бөлек, тағылымды жиында №15 орта мектептің 3-сынып оқушылары қазақтың қара домбырасында күмбірлетіп күй шертті.

– Ұлттық аспабымызда ойнауды 7 жасымнан бастап үйрендім. Қазіргі уақытта 20-дан астам күйді білемін. Домбырада ойнағанды жақсы көретінім соншалық, домбыра туралы, қазақтың ұлттық киімдері, салт-дәстүрлері жайында көп білгім келеді. Тақырыпқа қызығып, кітаптардан көп оқып, ізденіп жүремін. Сондықтан да кітапхана төрінде болған шараға қатысқаныма қуаныштымын, – дейді «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген ұстанымдағы Мағжан Нұрсұлтан.

Артынша сөзін жалғап: «Аталған шарада досым Қасым екеуміз Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін орындадық. Кітапхана менің үйімнің қасында болғандықтан, жазғы демалыс уақытында босқа жүрмей, қызықты кітаптарды алып, оқитын боламын», – дейді ол.

Мөлдір БАЖИРОВА,
«Станционный» кітапхана-
филиалының кітапханашысы,
Қостанай қаласы

 

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.