Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
21/09/26 Понедельник

Ұшқыр ойдың алаңы

Выпуск - №4(601)   :   01.02.2024
720

Амангелді ауданының білім беру бөліміне қарасты жалпы білім беретін және қосымша білім беру ұйымдарында «Ұшқыр ой алаңы» мәдени-ағартушылық жобасы жүзеге асырылып келеді.

Аталған жоба аясында пікірсайыс қозғалысын дамыту мақсатында, Амангелді ауданы білім бөлімінің 2024 жылға арналған жоспарына сәйкес, пікірсайыс қозғалысы лигасының жалпы жиналысы өткізілді. Республикалық «Ұшқыр ой алаңы» мәдени-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылған жиналысқа білім бөлімінің жоба үйлестірушісі Мақпал Мухамбетова және білім беру ұйымдарының клуб жетекшілері қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде «Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс қозғалысының үстіміздегі 2024 жылға арналған жұмыс жоспары, пікірсайыс турнирлерін ұйымдастыру бағыты, клуб жұмысын дамыту тетіктері жөнінде мәселелер қаралды. «Ділмар» дебат клубының жетекшісі Алмас Сарбозов, «Парасат» клубының жетекшісі Нұрлыбек Атамбаев шебер-сынып көрсете отырып, өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

«Ұшқыр ой алаңы» дебат қозғалысы аясында аудан бойынша жалпы 18 клуб жұмыс істейді, оған 300-ден астам оқушы тартылған.


Әнет ЖҰМАБЕК,
Амангелді ауданы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!