Жарқын болашақтың иесі

Выпуск - №18(566)   :   16.05.2023
633

Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінде жыл сайын «Жас мамандар» апталығын өткізу дәстүрге айналған. Биылғы апталық «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тақырыбында өтті.

Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында. Ал жас маманмен жұмыс – олардың кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, бұл істі – білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі деуге болады.

Апталық аясында мектебіміздің педагог-психологі Сәуле Кеңесбайқызының ұйымдастыруымен «Жақсы көңіл-күй – жан азығы!» атты жас мамандарға арналған тренинг өткізілді. Тренинг жас мамандардың ашылуына, әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесуге ықпал етіп, жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне сеп болу, қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру мақсатын көздеді.

Тренинг жас мамандардың «Танысу сәтімен» басталды. Олар әр түрлі жағдайлардан жол тауып шығуға бағытталған ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Артынша іс-шара ән-терапиясымен жалғасын тауып, жас мамандарға «Сіз қандай мұғалімсіз?» тақырыбында жалпы диагностикалық психогеометриялық тест жүргізіліп, тренинг сергіту сәтімен аяқталды. Тренинг соңында жас мамандар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ерекше әсерде қалғандарын жеткізді.

Жас мамандардың болашақта бүгінгі ұлағатты ұстаздардың үлгісімен шеберліктерін арттырып, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналуы жолында С.Кеңесбайқызының еңбегі зор. Жастарға кәсіби бағыт-бағдар беріп, жақсы тәлімгер бола білген осындай ұстаздар қауымын ұстаздардың ұстазы деп бағаласақ артық болмас. «Жас келсе, іске!» деген қанатты қағида әркез жастарымыздың санасында болсын. Себебі еліміздің болашағы – бүгінгі жастардың қолында.


Индира БАЛТАБАЕВА,
Б.Майлин атындағы
№3 ЖББМ директорының
ғылыми-әдістемелік істер
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.