Арқалық қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектеп жанынан құрылған «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің «Зеленая планета» үйірмесі ұйымдастырған «Экологиялық ізденіс» квест ойыны өтті. Оған қаламыздағы сегіз мектептің оқушылары қатысты.
Аталмыш ойын жасыл сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың алаңына айналды. Қатысушылар әртүрлі станцияларға барып, табиғатқа қатысты сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмалар орындап, шығармашылықтарын көрсете білді. Ең бастысы – олар командамен жұмыс істеп, бір-біріне көмектесе отырып, квест ойынын қызықты әрі көңілді өткізді.
Сайыстың әділ қазылар алқасының құрамында Қосымша білім беру орталығының ұстаздары Тонашина Жазира Қуанышқызы, Жанаева Камшат Алмухановна және мектебіміздің мұғалімі Комарова Ольга Николаевна болды. Ойын ережесіне сәйкес «Білгенге маржан», «Қара жәшік», «Гүлдер әлемі», «Құстар әлемі», «Экобәйге» секілді станцияларда спорттық квест ойындары өткізілді. Ойын барысында орман кейіпкерлері балалармен бірге флешмоб ұйымдастырды. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша Кейкі батыр атындағы №4 мектеп 72 ұпаймен 1-орынға ие болса, №2 мектеп 57 ұпаймен 2-орынға, Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы 54 ұпаймен 3-орынға табан тіреді.
Атсалысқан мектептер белсенділігі үшін мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар тек жарысып қана қоймай, табиғатты қорғаудың маңызын да түсіне білді. Балалар ойынға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне оралды.
Батырхан КАРАШИНОВ,
Жанар ӘБІШ,
«Сиқырлы қылқалам»
үйірмесінің жетекшілері,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.