Жаз қызығы – көңілді демалыс

Выпуск - №25-26(573-574)   :   06.08.2023
1129

Жазғы демалыста балалардың ұялы телефонға тәуелді болмауы үшін, бос уақыттары қызықты әрі мазмұнды ұйымдастырылуы тиіс. Осы оймен Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінде маусымның 5-інен бастап, жоспар бойынша, сауықтыру алаңы жұмысын бастады.

Шығармашылық үйі – шығармашылыққа үйретумен қатар тағылымды тәлім-тәрбие беретін өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, оқушының ішкі жан дүниесін жаңартып, рухани азық болып, жарқын құбылыстарға жетелері хақ. Біздің білім шаңырағының ұстаздары мен оқушылары жазғы демалыста тығыз байланыс орната отырып, белсенді түрде алға қадам басты.

Жаз айының бірінші күні Балаларды қорғау күнімен бастау алды. Бұл күн балалар үшін өте маңызды болғандықтан, биыл балалар мерекесі қарсаңында, мамырдың 29-30 күндері, «Балалық шақ әлемі қандай ғажап» атты екі күндік флешмоб, ал мереке күні балаларға арналған көңілді ойындар мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар мереке соңында балаларға балмұздақ үлестірілді. Ата-аналар мен оқушылар тамаша әсер алып, жарқын көңіл-күймен тарқасты.

Ал маусымның 5-і мен 16-сы аралығында сауықтыру алаңының әр күні біздің шығармашылық үйдегі үйірме жетекшілеріміздің ұйымдастыруымен әртүрлі көңілді спорттық ойындар, шеберлік сабақтар, асфальтқа сурет салу байқауы, тренинг, экскурсия ұйымдастырылып, ән шырқау және би билеу жарыстары өткізілді. Ұйымдастырған шараларымыз мұнымен шектеліп қалған жоқ. Жаз айларына жоспар құрылып, әрбір жауапты үйірме жетекшілері іс-шаралар өткізуде. Жоспар бойынша өткізілген сол ауқымды іс-шараларға тоқталып өтейік.

Маусым айында оқушылармен «Биле, биле» би байқауы, «Табиғат аясына саяхат» және аудандық кітапханамен бірлесе «Мен жастарға сенемін!» атты Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы қарсаңында шығармашылығымен өлеңдерімен танысу кеші ұйымдастырылды. Шілденің 1-індегі «Ұлттық домбыра» күні қарсаңында аудандық кітапханамен бірге өскелең ұрпақтың ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып, тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеу мақсатында «Ұлттың саз байрағы – домбыра» атты әдеби-музыкалық тәрбие сағаты өткізілді. Сондай-ақ аудан бойынша оқушылардың барлығы қатыса алуы үшін, маусымның 27-сінен шілденің 27-сі аралығында «Табиғат құбылыстары» атты фото сурет байқауы жарияланып, онлайн форматта ұйымдастырылды.

Астана күніне орай оқушылар флешмоб билеп, «Астана – туған елдің жүрегі» атты танымдық сағатына қызығушылықпен қатысты. «Ойын – бала табиғатымен егіз» дегендей, шілденің 12-27 күндері аудандық спорт алаңында «Көңілді мәре», «Кім мықты?» атты спорттық ойындар ойнатылды. Ал тамыз айында оқушыларды бұдан да әсерлі, қызықты саяхаттар мен бейнелеу өнері және көңілді эстафеталық сайыстар күтуде. Осылайша көңілді демалыс балдырғандардың жанын әнге, сыңғыр күлкіге тойдырып, күн сайын қызықты сайыстар мен думанды кештер өткізу дәстүрге айналған.

Жазғы демалыс кезіндегі сауықтыру алаңындағы асыр салған көңілді балалар бір-бірімен достасып та үлгерген. Шынында, баланың күні бойы ұялы телефонның, компьютердің алдында телміріп отырмай немесе көше кезіп жүргенінен гөрі жазғы демалысты үйірмелерге қатысып, қызықты әрі пайдалы өткізгені әлдеқайда тиімді.


Асемкуль ШАЛДЫБАЕВА,
Балалар шығармашылығы
үйінің директоры,
Науырзым ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.