Жадырып жаз айлары жеткен соң, Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің «Ақ желкен» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын жандандырды. Түрлі байқаулар, сайыстар, жарыстар ұйымдастырылып, белсенділер марапаттауларға да ие болды.
Оқушылардың жазғы бос уақытын көңілді де маңызды өткізуге негізделген жазғы сауықтыру лагері аясында әртүрлі іс-шаралар, спорттық ойындар, көңілді мәре, мұражайға, саябаққа саяхаттар ұйымдастырылды. Мектебімізде «Жас эколог», «Тілашар», «Достық», «Бірлік», «Шаттық», «Ұлттық мұра», «Өлкетану», «Театр», «Кел, бірге оқиық», «Оқырман», «Дизайнер», сонымен қоса «Шахмат», «Мобилограф», «Дебат», «Умелые ручки», «Күншуақ» мектеп жанындағы лагерь үйірмелері мен клубтары өз жұмыстарының қызықты да көңілді өтуіне бар күш-жігерін салуда.
Жаздың жадыраған әрбір күні түрлі іс-шараға толы. Балалар ойын ойнап, сурет салып, дақыл өнімдерінен аңдардың, құстың суреттерін сомдап, бір-бірінің көңілдерін көтеруде. Жаздың алғашқы мерекесі – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні мектепішілік, қалалық іс-шаралардан басталып, лагерь қатысушылары әр сайыстан олжалы оралып жатты. Ұлттық рухты көтеру, ізгілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсаты назардан тыс қалмады. Мемлекеттік нышандар арқылы елімізді бүкіл әлем таныды. Сондықтан да, киелі құндылықтарды құрметтеу – ата-бабамыздан жалғасқан қастерлі аманат.
Аула алаңқайларында өткізілген – «Әнші, биші балапан», «Пародия», «Көңілді қозғалыс» би байқауы, «Көшбасшы» танымдық сайысы, спорттық жарыстар, «Қасқыр мен жеті лақ» қойылымы, «День сказок», «Аппликация цветов», «Аппликация из крупы», «Таза Қазақстан» тазару сенбілігіне қатыстық. Мектебіміздің ауласындағы гүлдерді суарып, тазалық жұмыстарын жүргіздік. Әр жетінің сәрсенбі күні балаларды бассейнге шомылдыру әдетке айналған.
Мектеп жанындағы лагерде 25 оқушы тегін тамақтанып, түрлі іс-шараларға тартылады, мұражай мен саябаққа, кітапханаға, театрға саяхат жасалуда. Сонымен қатар, мұғалімдер де театрға барып, «Отырар» пластикалық драмалық қойылымын тамашалап, рухани демалып қайтты. «Әкелер күніне» орай, «Әке асқар тау» меркелік дөңгелек үстелі өтіп, кездесуде Мақсұт Бөлтіріков отбасындағы игі тілек-қасиеттердің маңыздылығын түсіндіріп, жас әкелерге үлгі тұтарлық ақыл-кеңесін берді.
Қорытындылай келе, №4 жалпы білім беретін мектебімізде жаздың әрбір күні босқа өпей, көңілді, мәнді ұйымдастырылып, шаттық-шадыман, жайдарлы күйде өз жұмысын аяқтауға жақын. Алда бізді демалыс күтуде.
Әлия ҚАБДЫРАХҚЫЗЫ,
Кейкі батыр атындағы
№4 ЖББ мектептің
«Тілашар» үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.