Жазғы алаң жұмысы басталды

Выпуск - №26(422)   :   28.06.2020
1166

Қостанай қаласындағы №10 орта мектепте маусымның 1-і мен 12-сі аралығында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында «Психологиялық қолдау» алаңы жұмысының бірінші кезеңі өтті.

Мектеп жанынан құрылған алаң сағат 09.00-12.00 аралығында жұмыс істеді. Балалардың жазғы сауықтыру алаңындағы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жазғы алаңның жұмысы балалардың психикалық және физикалық денсаулығын нығайту, белсенділік, танымдылық қабілеттерін дамыту, балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, достыққа тәрбиелеу, жаттығулар арқылы ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелей отырып, денелерін шынықтыру сынды бірқатар мақсат-міндеттерді шешуді көздеді.

Ендігі кезекте «Психологиялық қолдау» жазғы алаңында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсем. Алаңның алғашқы күні оқушыларды бір-бірімен таныстыру мақсатында «Джунглидегі жаңбыр», «Жағымды сөздер», «Сәлемдесу» ойыны, «Кім нені жақсы көреді?» жаттығулары өткізілді. Екінші күні топтық қарым-қатынасты нығайту үшін «Сілбі» (паутина) және «Телефон» ойыны балаларды бір-біріне жақындата түсті. Көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу жəне қарым-қатынас деңгейлерін жетілдіруде «Көңіл-күй неге ұқсас», «Тасбақалардың жүгірісі», «Тыныштықты жақсы көретін патша», «Дос іздеу», «Арт-терапия» және т. б. психологиялық тренингтердің маңызы зор болды.

Алаң жұмысы барысында балалар достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуға, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлік пен татулыққа дағдыланды. Мектебімізде жыл сайын ұйымдастырылатын балалардың жазғы сауықтыру демалыс алаңында балалардың қызығушылығын ескеріп, уақыттарын тиімді де пайдалы етіп өткізулері үшін қолдан келгенді аянып қалмаймыз. Сондықтан болар, мектеп оқушылары жазғы демалысын мектеп жанындағы сауықтыру алаңына келіп өткізуге ынталы, қуанышты. Бұл өз кезегінде нəтижелі жұмысымыздың жемісі екендігін айғақтайды.


Гүлнар БЕКБУСИНОВА,
№10 ОМ жантанушысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!