Жазғы лагерьдің қызықты бір күні

Выпуск - №23(571)   :   15.06.2023
1106

Балалар жазғы демалысты асыға күтеді. Ал демалысты пайдалы әрі қызықты ету – жазғы сауықтыру лагері тәрбиешілерінің жауапкершілігінде. Осындай маңызды әрі жауапты жұмыс кезеңі мектебімізде маусымның 5-16 аралығында ұйымдастырылды.

Лагерьдің атауы 1 және 4-сынып оқушыларымен бірлесе отырып шешілді. Балалық шақтың бар қызығын ашу мақсатында «Балдәурен» деген атау қойылды. Жазғы сауықтыру алаңының тәрбиешілері лагерьдің әр күнін қызықты етіп ойластырып, балаларлың демалып қана қоймай, жан-жақты дамып, денсаулықтарын шынықтырып, білімдері мен біліктіліктерін де арттыруды алдына мақсат етіп қойды. Белсенді демалыс аймағы насихаттық, дидактикалық, тәрбие мен тағылымдық білім ордасындағы қалыпты әрекеттерден бөлек балалардың әртүрлі қоғамдық мәні бар шараларға қатысып, бос уақыттарын пайдамен өткізуге ықпал етеді. Кез келген балаға өзін көрсету мүмкіндігі беріледі. Осылайша жазғы лагерьде демалысты барынша көңілді әрі тиімді ұйымдастыруға қажет жағдалар жасалған.

Демалыс уақытында Әулиекөл бастауыш мектебі оқушыларының Қостанай қаласына бір күн саяхатын ұйымдастырып, маусымның 8-і күні «Золотой фазан» демалыс орнына апардық. Бұл саяхатта балалардың өмір қауіпсіздігіне лагерь жетекшісі мен тәлімгер, медбике және жолсерік жауапты болды. Аман-есен жеткен соң, демалыс орнының қызметкері қарсы алып, таңғы аспен қамтамасыз етіп, балаларды орналастырды. Аталған демалыс орнында арнайы дайындаған түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, балалардың көңілін көтеру мақсатында би билетті. Артынша барлық балалар түскі ас ішіп, ауқаттанды. Түскі ас мәзіріне: біріншіге – борщ, екіншіге – ет пен картоп бұқтырмасы және тәтті кампот берілді. Сәйкесінше, сол мекеме иесі балаларға олардың сүйікті тағамы пиццаны дайындап, тосын сый жасады.

Түскі астан кейін мектебіміздің белсенді отряды орманға саяхатқа шықты. Бұл мекеменің ерекшелігі – орманда балаларды атпен және велосипедпен серуендетті. Жалпы Қостанай қаласындағы «Золотой фазан» демалыс орнында өткен табиғат аясындағы демалыс балалардың есінде қалатындай қызықты әрі көңілді өтті деуге әбден болады. Оны әсерленіп, көтеріңкі көңіл-күйсен келген балалардың жүзінен анық аңғаруға болады.


Бибігүл УАЙСОВА,
Әулиекөл бастауыш
мектебінің директоры,
педагог зерттеуші

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.