Көлік саласы бойынша байқау

Выпуск - №43(640)   :   01.11.2024
602

image

Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында көлік саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық байқаудың аймақтық кезеңі қорытындыланды.

Додаға оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері, сондай-ақ облыстың алты өңірінен – Қостанай, Жітіқара, Лисаков, Рудный қалалары мен Сарыкөл және Қарабалық аудандарынан сарапшылар қатысты. Байқау үш модуль бойынша ұйымдастырылды: клапандарды реттеу, отын жабдықтары, бензин қозғалтқышының ақаулықтарын жою, оның ішінде теорияны білуге тестілеу және практикалық тапсырмаларды орындау. Үміткерлер жоғары дайындық деңгейін, білім беру процесіне креативті көзқарасты көрсетті.
Қорытынды бойынша көлік саласының тәжірибелі мамандарынан құралған сарапшылар үздік педагогтерді таңдады. Аймақтық кезеңнің жеңімпаздары облыстың атынан республикалық деңгейдегі шешуші кезеңде бақ сынайтын болады. Салтанатты марапаттау барысында әрбір қатысушыға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар бұл іс-шаралардың педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру жолындағы және түрлі өңірлер мен ұйымдар арасында тәжірибе алмасудағы маңыздылығын айрықша атап айтты.

Қостанай облысы білім басқармасының
баспасөз қызметі

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.