Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
16/03/26 Понедельник

Балаларға қуаныш сыйлаған өнер шеберлері

Выпуск - №1(649)   :   10.01.2025
692

1

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің РХК/МУЗ-41 тобы «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар ауылына шағын мерекелік іс-шарамен барды. Бұл іс-шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізінде патриоттық тәрбие бағытында ұйымдастырылды.

Тағылымға толы кеште колледждің 4-курс білім алушылары «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне бар өнерін паш етіп, нағыз патриоттық рухты оятты. Іс-шара барысында күмбірлеген домбыра, бұлбұлдай дауыспен орындалған әндер және нәзік бишілердің мың бұралған билері ерекше ықыласпен қабылданды. «Мың бұралған би – мәдениеттің мәйегі» дегендей, іс-шарамызды ашу мақсатында «Құрбылар» биімен балаларды тамсандырдық. Сонымен қатар, Қабдел Дарина аруымыз: «Күй – қазақтың жүрек үні», – дей отырып, «Алаш аманаты» күйін әрбір көрерменнің жүрегіне жеткізді.
Әсем әуен – адам жанын тербетер сырлы толқын. Халқымыздың ата-бабадан қалған асыл мұрасы – күйді тыңдау арқылы біз рухани байлығымызды сезінеміз. Сахнамыздың төрінде Бағжанат Атимтаева мен Дильнара Кенжебекова Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін қобыздың қоңыр дауысымен орындап, тыңдаушыларды ерекше сезімге бөледі. «Тұмар» биін билеген нәзік қыздардың әсем қимылдары көрермендерді ерекше баурады. Қыздардың биінде қазақ мәдениетінің нәзіктігі мен сұлулығы көрініс тапты. Қимылдары үйлесімді әрі қанық ұлттық нақышпен ерекшеленді.

2


«Туған жер – әр адамның жүрегіндегі ең қастерлі мекен. Ол – өмірдің бастауы, тұғыры биік Отанымыздың алтын бесігі» демекші, «Арнау» триосы «Туған жер» әнін балаларға паш етті. Сондай-ақ, көрермендердің бойындағы ұлттық рухты ояту мақсатында Мәди Мырзабекұлы мен Абат Мұратқалиев «Әлқисса» күйін орындады. Өнегелі іс-шара Мәди Мырзабекұлының орындауындағы «Мен қазақпын» әнімен қорытындыланды. Өнерпаз жастардың орындаған күйлері мен әндері, сондай-ақ әсем билері көрермендердің жүрегіне терең әсер қалдырды. Балалар ауылының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері өнер көрсеткен білім алушылардың шығармашылығына жоғары бағасын берді. Іс-шара соңында мекеме басшылығы Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің ұжымына және басшысы Жомарт Қоңырбайұлына алғыс білдіріп, арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің РХК/МУЗ-41 тобы ұйымдастырған патриоттық іс-шара балалардың жүрегіне жылулық ұялатып, ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетін түсінуге үлкен үлес қосты. Бұл мереке колледж ұжымының балаларға деген шынайы ықыласы мен өнерге деген сүйіспеншілігін көрсетті. Жастардың өнері тәрбиеленушілерге үлгі болып, олардың бойында рухани құндылықтарға деген құрмет пен патриоттық сезімдерді нығайтты. Мұндай жиындар тек мәдени құндылықтарды насихаттаумен шектелмей, балаларға қуаныш сыйлап, өмірдің жарқын сәттерін есінде сақтап қалуға мүмкіндік беретіні хақ.

Гульназ КУБЕГЕНОВА,
Қостанай жоғары
педагогикалық колледжінің
педагогика және психология
кафедрасының арнайы
пәндер оқытушысы

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.