Өмірдегі маңызды қадамдардың бірі – кәсібіңді адаспай таңдау. Яғни, сол арқылы, Абай айтпақшы, өмірде бір кірпіш болып қалану. Осы мақсатта өңіріміздегі іргелі ЖОО А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде ашық есік күні өтті.
Биылғы оқу жылы соңына жақындап, білім ордалары үшін қызу науқан басталмақ. Әрбір мектеп бітіруші түлек сан рет толғанып, өміріндегі маңызды әрі жауапты қадамның бірі – болашақ мамандығын анықтап, «Қай оқу орнын таңдаймын?» деген оймен жүргені белгілі. Сол уақытта түлектерді ақпараттандырып, болашағына бағыт-бағдар берудің маңызы зор. Осы мақсатта білім ордалары профориентациялық жұмыстар мен ашық есік күндерін өткізіп, берілетін мүмкіндіктер мен білім деңгейімен таныстырып жатады.
Ахаң атындағы қара шаңырақтың бас ғимаратындағы мәжіліс залында университет ректоры Сейітбек Қуанышбаев, қалалық Білім бөлімінің басшысы Гүлсім Уразбаева, Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт директорының міндетін атқарушы Кенжегүл Есіргепованың және басқа да білім саласының қызметкерлері мен қаламыздағы мектеп директорларының қатысуымен ашық есік күні аясында алқалы жиын өтті. Дөңгелек үстел барысында жоғары оқу орнының басшысы жиналған білім саласының мамандарына Ахаң атындағы қара шаңырақтың тыныс-тіршілігімен таныстырып, болашаққа деген жоспарларын, білімнің сапасы мен студенттерге жасалған жағдайлар мен оқу орнының артықшылықтарына тоқталып өтті.
Биыл Қостанай өңірлік университеті кәсіптік бағдар беру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Бүгінгі күні қаладағы бірнеше мектептерде оқу орны кафедраларының филиалдары ашылған. Алдағы уақытта зертханалар мен ғылыми алаңдарды да ашу жоспарда бар. Мектеп оқушылары қазірдің өзінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп үйренуде. Ашық есік күні аясында мектеп мұғалімдеріне шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, сертификаттар табысталды. Ал іс-шараның екінші бөлімінде мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырылып, университеттің ғимараттарына экскурсия жүргізілді.
– Ахаң атындағы қара шаңырақ – солтүстік өңірдегі беделді университеттердің бірі. Жалпы жоғары оқу орындарының жұмысы мектеппен тығыз байланысты. Соның ішінде педагогикалық бағыттағы институт үшін оның маңызы зор. Педагогикалық, өндірістік тәжірибе болсын, жалпы басқа да жұмыстарда мектептермен жұмысымыз етене жақын. Кәсіби бағдар беру жұмыстары жыл бойы жүргізіледі. Себебі бүгінгі мектеп оқушылары – ертең өзінің жан қалауы бойынша кәсібі мен оқу орындарын таңдап, келешекте еліміздің жас мамандарының қатарына арттырады. Сондықтан мұндай іс-шаралардың ақпараттандыру бағытындағы маңызы зор, – деп атап өтті А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты директорының міндетін атқарушы Кенжегүл Есіргепова.
Жамал ШАУКЕН
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.