Бүгінгі студент – ертеңгі маман

Выпуск - №13(561)   :   08.04.2023
973

Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің қабырғасында әр оқу жылында жоспарға сай дипломалды практиканы ойдағыдай аяқтаған бітіруші топтар қорытынды конференцияны салтанатты түрде өткізуді дәстүрге айналдырған.

Биыл да «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4-курс студенттері өздеріне жетекшілік еткен әдіскерлермен бірге «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» тақырыбында тағылымды іс-шараны ұйымдастырды. Шараның мақсаты – дипломалды практиканы қорытындылау, өзара тәжірбие алмасу болды. Ең алдымен сөз алған директордың практика ісі жөніндегі орынбасары В.И. Голованова мен бөлім меңгерушісі Ш.Б. Құрманбаева дипломалды практиканың ойдағыдай аяқталуымен студенттерді құттықтап, оларға алдағы жарқын күндеріне ізгі тілектерін білдірді.

Конференция барысында студенттер тәжірибелерінде тиімді қолдана білген жаңашыл әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, тақырыптық көрме ұсынды. Онда өздері жасаған көз тартарлықтай әдемі бұйымдар қойылған. Бұның барлығы жақсы үйлесім тауып, қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Сондай-ақ балабақша тәрбиешісінің жұмыс мазмұны практикалық формада көрсетілді. Іс-шараға топтағы студенттердің барлығы дерлік белсенділікпен қатысып, Ж.Досымбай, А.Тыныштық, Н.Жанабаева, А.Куванышева және басқа да білім алушылар өздерін жаңа қырларынан көрсете білді деуге болады.

«Боламын деген баланың бетінен қақпа, белін бу» демей ме. Сол сияқты жалындаған жастық шағында жаңашыл дүниелерді танып-білуге, терең білім алып, оны келешекте тиімді пайдалануға ұмтылатын жастарға дер кезінде көрсетілген қолдаудың маңызы қаншылықты мол екенін кез келген саналы педагог терең түсінуі керек. Ұстаздың негізгі мақсаты да сол – әрбір шәкіртінің білікті маман атанып, өмірде өз орнын таба білуі. Бүгінгі білімге құштар, креативті ойлай білетін жаңашыл студенттің болашақта білікті маман атанатынына сенімдімін.


Индира ЖАЙЛАУБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Рудный әлеуметтік-
гуманитарлық
колледжінің арнайы
пәндердің оқытушысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.