Ел қорғаны – ер аманаты

Выпуск - №18(515)   :   07.05.2022
856

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі атап өтілді. Колледжімізде білім алатын ер азаматтарымызға ару қыздарымыз өнер көрсетті.

Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» деген аталы сөз бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендер де өз соңынан ерген ұрпақты дұрыс тәрбиелеуі керек. «Отаным маған не бересің деп емес, Отаным, мен саған не бере аламын?» деп өсуі қажет. Сонда ғана әрқашан да елімізде бейбітшілік болады. Себебі елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарға сапалы білім мен саналы тәрбие берілсе, олар барлық күрмеулі сұрақтарды ақылмен шеше алатын азамат болары хақ.

Отан қорғаушылар күнінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Колледждің қабырғасында ұйымдастырылған концертте белсенді жастарымыз ән айтып, би биледі. БМ-13 және БМ-12 тобының қыздарынан құралған «Жер жарар» КВН командасы жарасымды әзілдерімен сахнаны жандандырды. Сонымен бірге Гүлнұр Сардарова мен Сабина Саруарова гитарамен «Поппури» орындалды. Ал Анеля Омаш көрермендермен «Әріптер» ойының ойнатып, ер азаматтарымызға шағын сыйлықтар табыс етті. Артынша «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының белсенділері, білім ордамыздың БМ-12 тобының студент қыздарынан құралған «Сарбаздар» тобы «Ән сал, сарбаз» әнін орындап, жиналған жігіттердің рухын көтерді.

Осы айтулы мереке қарсаңында ер жігіттерімізге амандық, денінің саулығын тілеймін. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді, дүректеріңіздегі Отанға деген сезім оттай лаулап, қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілеймін. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым қыз баласына тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер демекпін. Мерекелік кешіміз де осындай ізгі тілектермен мәресіне жетті.


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.