Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде жас зерттеушілердің кәсіби бағдарын айқындауға бағытталған «Ғылым тұлғалары: прогресс туралы сұхбаттар» тақырыбында «Ұлағат» ғылыми студенттік қоғамының кезекті отырысы ұйымдастырылды.
Ашық диалог форматында өткен бұл іс-шара білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ ғылым мен білімнің сабақтастығын нығайтуға арналды. Жиынға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары қатысып, жоғары білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер мен ғылыми ізденістің заманауи бағыттары жайлы пікір алмасты. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Алибек Табулденов баяндамасында тарих ғылымының қазіргі кезеңдегі сын-қатерлері мен оның қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөліне тоқталды. Ал тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Айдар Айтмухамбетов ғылымның қоғам дамуының негізгі қозғаушы күші ретіндегі маңызын атап өтті.
Тағылымға толы іс-шара барысында колледжіміздің директоры Жомарт Құсайын сөз сөйлеп, болашақ педагогтердің кәсіби қалыптасуы жолында ғылыми-зерттеу жұмыстарының ерекше орын алатынын жеткізді. Сонымен қоса мұндай кездесулердің студенттердің академиялық белсенділігін арттырудағы рөліне назар аударды. Отырыста білім алушылар ғылыми қызметтің ерекшеліктері, архивтік деректермен жұмыс жүргізу әдістері, магистратура мен докторантураға түсу талаптары жөнінде нақты сұрақтар қойып, тәжірибелі ғалымдардан мазмұнды жауаптар алды. Ашық пікір алмасу қатысушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, зерттеушілік дағдыларын дамытуға да ықпал етті.
Жиында студентіміз Милана Марченко колледж музейінің тарихы туралы баяндама жасап, білім беру мекемесінің қалыптасу кезеңдері мен жетістіктеріне тоқталды. Бұл баяндама қатысушылар тарапынан қызығушылық тудырып, тарихи мұраға деген құрметті арттыра түсті. Өнегелі іс-шара қорытындысында шақырылған спикерлерге Алғыс хаттар табысталып, ғылыми диалогтың жоғары деңгейде өткені атап өтілді. Ұйымдастырушылар тарапы студенттердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда, ғылыми әлеуетін дамытуда, кәсіби бағдарын айқындауда мұндай кездесулердің маңызды алаң екенін жеткізді.
Мөлдір ҚАСҚЫРБАЕВА,
Қостанай жоғары
педагогикалық
колледжінің арнайы
пәндер оқытушысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.