Жылдағы дәстүрге сай, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің мұрындық болуымен Жастар сарайында қайырымдылық балы өтті. Осымен 8 жылдан бері игілікті шара көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп келеді.
Балдан жиналған қаражат қымбат емді қажет ететін науқас балалардың немесе университеттің студенттерінің еміне аударылады. Қысқы қайырымдылық балының арқасында, атап өтер болсақ, Айша Қабылбекованың, Әмина Мұқашеваның, университет студенті Иван Шевченконың, Аят Бекентаевтың, Диас Азаматұлының еміне, сондай-ақ Арлан Төлендіге қолдау көрсету мақсатында қаражат жиналды. Ал, биылғы шараның мақсаты – кішкентай Дарын Бисимбаевқа қолдау көрсету. Ұйымдастырушылар ұсынған мәліметке сүйенсек, Дарынның еміне университет студенттері мен қайырымды жандардың қолдауымен қазіргі уақытта 1 млн 405 мың 77 теңге жиналған.
Айтқандай, іс-шара тарихи бастауын әріден алады. Ахаң атындағы қара шаңырақ студенттері үшін қысқы балдың маңызы зор. Студенттік өмірдегі ұмытылмас естеліктерді сыйлайтыны былай тұрсын, көмекке мұқтаж жанға қолдау көрсетуге тамшыдай болсын үлесін қосатынын білген студенттер билетті сатып алуға асығады. «Тама-тама көл болар» демекші, әрбір жанның қосқан үлесі өлшеусіз. Қайырымдылық жасай отырып, қорытынды кештің қатысушылары тыңғылықты дайындықпен келеді. Бұл да бір студенттік шақтың жарқын естеліктерінің бірі болса керек.
– Бірнеше жылдан бері университет студенттері үшін осындай мейірімді де жарқын мерекені тойлдау дәстүрге айналған. Биыл барлық түскен қаражат 4 жасар Дарын Бисимбаевтың еміне берелетін болады. Балға дайындық барысында әрбір институт факультеттерінде қайырымдылық жәрмеңкелері өткізілгенін айта кеткен жөн. Ал бүгінгі вальстың қатысушылары мен қоюшы-хореографы ретінде университет студенттері өнер көрсетуде. Қатысушылар бұның тек жарқыраған киімдер мен әсем әуен ғана емес екенін, сонымен қатар әрқайсысының осындай мейірімге толы акцияға жеке .лесі екенін түсінеді, – дей келе, университеттің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темирбеков, қайырымдылық балын ұйымдастыруға үлес қосқан жандарға алғысын білдірді.
Кеш бағдарламасы бойынша қатысушылар 3 вальс биледі. Классикалық және заманауи вальс тұрақты болса, биыл үшінші би түрі ретінде танго таңдалған. Одан қалды әр институт визиткалар дайындап, берілген тақырып бойынша уақыт кеңістігіне сапар шекті. Студенттердің өнеріне өткен онжылдықтар арқау болды. Бір сәт тарихқа көз жүгіртіп, сол уақытта актуалды болған оқиғалар мен әуендерді тыңдап, жастардың киіну стилі, өзін-өзі ұстау мәнеріне дейін ойластырылған тамаша сахналық қойылымның куәсі болдық.
Белсенді жастардың өнеріне хореография саласында 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар әлеуметтік би, латино және еуропалық би бағдарламасының қоюшысы, «Dance Art Studio» би студиясының оқытушысы Мейрам Мурзагалиев; латынамерикандық және еуропалық бал биі турнирлерінің жеңімпазы, Қазақстанда, Шри-Ланкада және АҚШ-та 17 жылдан астам тәжірибесі бар қоюшы-хореограф Анна Блюм; «Меценаттар клубы» сыйлығының лауреаты, Қостанай облысы жастарының Алтын кітабының лауреаты, педагогикалық колледждің хореография кафедрасының оқытушысы, «Орда» би ансамблінің жетекшісі Акбота Дукенова; шоумен, қоюшы-режиссер, қалалық, облыстық және республикалық іс-шаралардың ұйымдастырушысы Жалгасбек Шокенов және облыстық мәслихат депутаты, Қостанай облысы жастарының алтын кітабының лауреаты Евгений Сотников төрелік етті.
Қатысушылардың өнеріне қарап, таңданбауға болмайды, бірінен бірі өтеді. Қазылар алқасына қарап, үздіктерді анықтау сәл қиынға түскенін байқауға болады. Дегенмен, өз ісінің шеберлері техника жағына, қатысушылардың өзін ұстау мәнеріне, жұптардың бидегі бір-бірімен қарым-қатынасына қарап, әділ бағасын берді. Осылайша тартысты әрі сиқырға толы балдың нәтижесінде классикалық вальстағы ең үздік жұпқа – Егор Напалков (Менеджмент, 1-курс) пен Екатерина Платонова (Менеджмент, 2-курс); заманауи вальстағы ең жақсы жұпқа – Отто Люц (Экономика, 3-курс) пен Лана Анищенко (Журналистика, 4-курс); тангодағы ең үздік жұпқа – Алишер Шаруан (Юриспруденция, 1-курс) мен Олеся Горошкова (Психология, 2-курс) лайық деп тианылды.
Ал, барлық факультеттер мен институттардың ішінен визит карточкасы үздік деп танылған экономика және құқық факультеті бас жүлдеге ие болды. Көмекке мұқтаж жанға үміт сәулесін сыйласа, екіншіден, өнер арқылы әлемді көрсет етеуге деген ұмтылысты біріктірген қайырымдылық балы қыстың суық күнінде бір жарық сәуле шашқандай болды.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.