Кәсіптік және техникалық білім мен шеберліктер әрқашан «ауыздан ауызға» беріліп келді, және де бұл дәстүр осы уақытқа дейін сақталып келеді. Алайда, тәлімгерлік істе уақыт пен күш-жігер және тәжірибе мен білімді бөлісу ниеті талап етіледі.
Мақаламыз Қостанай құрылыс колледжіндегі Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану мамандығы бойынша серіктесіміз «Бк-Строй» құрылыс комапаниясында өтетін өндірістік тәжірибе жайлы болмақ. Бүгінде білім саласындағы ең маңызды мақсаттардың бірі – оқытудың сапасын арттыру, оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, сондай-ақ жұмыс берушілердің талаптарын ескеру, олармен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстарды сапалы жасау.
Осы ретте техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлау тиімділігі еңбек нарығында сұраныс пен бизнестің қатысуына толық тәуелді. Бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлаудың және жұмыс берушінің және нарықтың талабына көшудің бірден-бір бағыты – бұл техникалық және білім беру ұйымдарында дуалдық оқытуды енгізу болып табылады. Колледжде алатын теориялық оқытумен қатар кәсіпорындарда өндірістік оқыту мен практиканы ұштастыру өте маңызды. Заманауи ұйым – бұл оқытушы ұйым, ол жаңа технологияларды жасау, жаңа білім мен шеберлікті меңгеру жолымен тиімді жауап береді.
Еңбек қызметінің алғашқы тәжірибесінің қаншалықты табысты болуы маманның кәсіптік қалыптасуына байланысты болады, бұл ұйым дамуының перспективаларынан көрініс табады. Бұл оқыту жүйесінің ұқсас міндеттері мен мазмұны, бірақ іске асырылуының әртүрлі формалары бар екі жүйесінің қатар қызмет етуін көздейді. Бірінші жүйе – бұл оқытушылармен немесе студенттердің көмегімен ай сайынғы семинарларды, лекцияларды, тренингтерді өткізу.Екінші жүйе – тәлімгерлік, бұл кезде персоналды оқыту тікелей жұмыс орнында болып өтеді. Тәлімгерлік деп отырғанымыз – білікті маманмен жүзеге асырылатын білім мен тәжірибені беру мақсатында жас ұжымға (не болмаса жеке тұлғаға) басшылық ету.
Тәлімгердің негізгі еңбек функциясы мен құзыреттіліктеріне мыналарды жатқызуға болады: нормативті-құқықтық актілердің талаптарын (сондай-ақ кәсіпорын), студенттің құқықтары мен міндеттерін білу керек; өндірістік оқытудың сапасын жақсарту мақсатында оқытудың әдістерін білу керек; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау жасай білу керек; студентпен бірігіп өзіндік бейімделу жоспарын құрастыра білу керек; өзінің жұмыстағы міндеттерін атқара отырып оқушыға білімі мен тәжірибесін бере білу керек.
Одан бөлек студенттің құзыреттіліктерін, оның жұмысқа деген көзқарасын, әріптестерімен қарым-қатынасын жан-жақты қарастыра білу керек; өзіндік өнеге көрсете отырып оқушының жағымды қасиеттерін, оның ішінде кәсіби ой-өрісін дамыта білу; студенттің кәсіби дағдысын бағалай білу керек; тәлімгерліктің мерзімі соңында оқушының қызметі бойынша есеп жасай білу керек. Әрине, бұндай талаптарға жету үшін тәлімгердің кәсіби машығына жоғары талаптар қойылады. Сауатты, белсенді, іскер, тілі мен ұлтын қадір тұтатын ұрпақ тәрбиелеу тәлімгер қолында.
Нұрбол ҚОНАРБАЕВ,
Бақтыгүл ҚОНАРБАЕВА,
Қостанай құрылыс колледжі
арнайы пәндер оқытушылары
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.