Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламасы аясында колледжді тәмамдаған 10–11-сыныптардың білім алушыларына диплом табыстау салтанаты өтті.
Оқушылардың жалпы білім беретін мектепті бітіру аттестатына керемет қосымша болатын дипломды колледждің директоры Дина Жанарстанова өз қолымен табыстады. Айтуынша, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мұрындық болуымен қолға алынған эксперименттік білім беру бағдарламасының нәтижесі көңіл қуантады. Өйткені, жастар қысқа мерзім ішінде мектеп аттестатымен қатар, өмірде міндетті түрде қажет болатын жақсы мамандықты да меңгеріп шығады. Бұл – олардың негізгі кәсібі болмаса да, әрдайым жақсы табыс табуға мүмкіндік беретін «қосымша тірек» болмақ.
– Эксперименттік бағдарлама былтыр басталды. Бүкіл Қостанай облысы бойынша 34 колледждің ішінен тек 2 колледж ғана осы бағдарламаға енді. Оның бірі – біздің колледж, екіншісі – Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледж. Биыл бізге 11 оқушы қабылданып, міне, дипломдарын алды. Олардың алтауы – қызыл диплом иегері атанғанын ерекше атап өтуге болады. Бұл да оқушылардың ынта-жігерімен оқығанының дәлелі болса керек, – дейді колледждің білім меңгерушісі Құмырай Тоғыбаева.
Оқушылар жалпы білім беретін пәндерді мектепте меңгергендіктен, колледжде тек кәсіби модульдер мен эксперименттік бағдарлама бойынша білім алды. Биыл колледж бағдарлама аясында екінші толқын оқушыларын қабылдап үлгерді. Қазіргі уақытта базада 16 студент тіркелген. Бірінші корпуста олар тігіншіліктің қыр-сырын үйренсе, екінші корпуста аспаз мамандығын меңгермек.
Гулим БАТЫР,
Адилет НУРАБАЕВ
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.