Жасөспірімдер арасындағы жүктілік мәселесінің өзектілігі жоғары. Бұл алдымен, тәрбие мәселесіне келіп тірелсе, екіншіден бұл қадамға ойланбай барып, салдарын түсінбегеннің әлегі. Мәселенің алдын алу мақсатында Арқалық қалалық білім бөлімі «Өмірің өз қолыңда» жобасын ұсынды.
Жасөспірім қыз балаларға психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған жобаны Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жанынан құрылған «Жасампаз – жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруды қолға алды. Жоба жасөспірім қыз балаларға ерте жыныстық қатынастың зиянды жақтары және адамның психосексуалдық ерекшеліктері жөнінде түсінік беру, өзінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін, өз тәртібі мен мінез-құлығын саналы түрде реттеу қабілетін қалыптастыру, ерте жүктіліктің және жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатын көздеді.
Ерте жүктілік деп 13 пен 19 жас аралығында болған жүктілікті айтамыз. Бұл кезде қыз баланың бойында гормоналды ауысу кезеңі басталады. Бұл тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ. Оған назар аударуымыздың басты себебі – салдарының ауыр болуы. Бүгінде қоғам болып бұл мәселеге алаңдаулы. Статистикалық деректерге көз жүгіртер болсақ, кәмелетке толмаған жастардың 40-60% ерте жыныстық қатынасқа түседі. Солардың ішінде 10%-ы 14 жасқа толмаған жасөспірімдер екен.
Ал осы бойжеткен кезіндегі жүктіліктің 70%-ы жасанды түсік жасатумен, 15%-ы түсікпен және тек 15%-ы босанумен аяқталып жатады. Осы 15% босанудың өзінде ана мен бала өлімінің қатері көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде кәмелет жасына толмаған 16 миллионға жуық қыз жүкті болады екен. Оның 3 миллионы жаза басқан қадамының ізін жасыру үшін жасанды түсік жасатады-мыс. Бұл сандардың ішінде Қазақстанның да үлесі аз емес. Қазақ жерінде бәлиғат жасына жетпей, жүкті болып қалатын қыздардың саны шамамен 10 мың мен 20 мыңның арасында. Бұл мәліметтер бергі жағы ғана, статистиканы тереңірек сөйлетсек, төбе шашың тік тұрады.
Жоғарыда аталған жобаны жүзеге асыру жоспарына сәйкес, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ата-аналармен брифинг өткізілді. Оған ауыл және қала мектеп психологтары мен ата-аналар шақырылды. Брифинг қонақтары Арқалық қалалық өңірлік емхана қызметкері Гүлнұр Әлмұханбетова, Арқалық қаласы Ішкі істер басқармасының ювенальды полиция бөлімінің маманы Әсемгүл Серікбаева, жатақхана тәрбиешісі Жанар Бермақанова, ҚББ әдіскері Жадыра Қожахметова. Бұл шара жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, сақтандыру және жыныстық зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша ата-аналарға ақпараттық кеңес беруді көздеді.
Брифингте ата-аналарға «Ерте жүктіліктің салдары» тақырыбында ақпараттық кеңес, «Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу» және «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?» тақырыптары бойынша ақпараттық баяндамалар жасалды. Іс-шарада тақырып төңірегінде бейнероликтер тамашаланып, ата-аналар мен мектеп психологтары ой-пікірлерін ортаға салды. Ата-аналар жасөспірім қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алуға қандай қадамдар жасауға болатынын қарастырып, мамандардан кеңес алды. Балалардың бос уақытында қандай әлеуметтік желілерде отыратыны, кімдермен араласатынын анықтау жолдары туралы кеңес берілді. Жиынға қала және ауыл мектептерінен жалпы саны 45 адам қатысты. Брифингте қосымша ретінде жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынастар, ерте жүкті болу мен кәмелетке толмағандардың некелері, ерте жастағы түсік тастаулар, аналардың туған нәрестесінен бастартуы, ана мен баланың өлім-жітім көрсеткішінің артуы, қыздар арасындағы суицид мәселелерінің алдын алу мақсатында психологиялық кеңестер ұсынылды.
Жобаны жүзеге асыру жоспарында жасөспірім қыздарға психологиялық қолдау жасай отырып, ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған семинарлар мен тенингтер қарастырылған. Аталған жобаның қорытынды шарасы ретінде жасөспірімдер слетін өткізу жоспарланған. Жалпы ер баланың отбасылық өмірге деген жауапкершілігін қалыптастырып, қыз балаларымызды «қырық үйден тыюды» ел болып, қоғам болып қолға алудың сындарлы сәті келіп тұр. Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай: «Бүгінде бір ананы тәрбиелегеніміз – бір ұлтты тәрбиелегеніміз».
Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
«Жасампаз – жастар
ұйымы» ҚБ төрағасы,
Арқалық қаласы
Концепцию «Дети Казахстана» представили в правительстве РК
Эффективный инструмент логопедической работы
Проводник в мир профессий
Почему «10 минут» превращаются в два часа, и как это разрушает внимание
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.