«Жылы жүрек, жомарт жан»

Выпуск - №5(602)   :   15.02.2024
648

Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитеті Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларына қайырымдылық концертін ұйымдастырды.

Адам қай кезде болсын рухани құндылық іздейді, тіпті кей жағдайда оған материалдық игіліктің қажет болмауы да мүмкін. Ал, мейірім, жылы сөз, рухани қолдау әрқашан да маңызды, барлық кезде де өзекті. Көңілдері баладай, жүректері даладай дархан жандардың жанында шынайы қуаныштың лебін сезіндік. Олар жүріп өткен жолдарымен, төзімділіктерімен көпке үлгі. Толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатындағы бірегей бастамаға 30-ға жуық волонерлер мен белсенді жастар қатысты.

Қайырымдылық концерті барысында волонтерлеріміз тренинг өткізіп, сондай-ақ күмбірлете күй тартылып, әуелете ән салып, биші ұлдарымыз флешмоб билетті. Күншіл тағдыр қудалағанның өзінде олар жоғары өрлейді, тілектері биік келеді. Олар – кеңпейілдіктің, ізгіліктің және бар қаhармандықтың жұрт таныған бастауы. Иә, біз жәй ғана олардың жүздеріне қуаныш ұялаттық, ал олар бізге бір ғасырға татитын бағалы сәт сыйлады.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында мүгедектігі жайлы суырылып шығып, өз проблемасын өзгеге айтқысы, естірткісі келетіндер аз. Өйткені, олар намысқой әрі шыншыл. Сонысымен де бұл инклюзивті, «нәзік тақырып». Белсенді жастардың қолдауымен жүрегі дархан даламыздай кең жандарға рухани демалыс сыйладық. Барлық студент, волонтерлер өздеріне жүктелген міндеттерді лайықты орындап шықты. Олардың өмір сүру сапасын жақсарту, жұмыспен қамту мәселелері назардан тыс қалмауы тиіс.


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің Жастар ісі
жөніндегі комитетінің
төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.