Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
24/08/26 Понедельник

Мейірім – жүректен, қайырым – білектен

Выпуск - №42(438)   :   24.10.2020
1285

Толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз» тақырыбы аясында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Мейірімділік – жүректен, қайырымдылық – білектен» атты акция жүзеге асырылды.

Мейірімділік – адам бойындағы ең ұлы қасиеттердің бірі. Ол адамдардың басқаларға жан жылуын, ізгі ниеті мен лебізін білдіруінің көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттерге негізделеді. Жоғарыда аталған акция аясында Арқалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларына қолдау көрсетілді. Студенттердің қатысуымен өткен шара аясында аулаға тазалау жұмыстары жүргізіліп, қолдан келгенше қолдау жасалды. Осы тұста ықылым заманнан бері халқымыздың бойынан табылған қасиеттер жылт етіп көрінері сөзсіз. Соларға бір сәт көз жүгіртіп өтелік.



Әр адамның мейірімді әрі қайырымды болуы оның отбасындағы тәрбиесіне, өскен ортасына да тікелей байланысты. Қазақ халқы қашаннан балаларын ата-анаға, өзінен кішілерге қамқор болуға баулып отырды. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді», «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деген нақыл сөздер арқылы айналасындағы адамдарды мейірімділікке тәрбиеледі. Аталмыш қасиет адамдарға ғана мейірімділік көрсетумен шектелмейді. Өзіңді қоршаған ортаға, жан-жануарларға, табиғатқа деген мейірімділіктің де болуы қажет. Шынайы мейірімді болу – өзіңнен гөрі басқаларға қамқор болу, өзгенің мүддесін өз мүддеңнен жоғары қою деген сөз. Мейірімді адам әрқашан басқаларға көмекке келіп, әркез жақсылық жасағысы келіп тұрады.



Халқымыз ықылым заманнан бері мейірімділігі мен жомарттығымен көпшілікке мәлім. Оның дәлелін бұрынғы кезде қиын жағдайға ұшыраған замандастарына көрсеткен қолдауынан көруге болады. Қазақ жетімін жылатпаған, жат елге қаңғыртпаған, ата-анасын қарттар үйіне тапсырмаған халық-тұғын. Тіпті жер бетінде жыбырлаған жәндік екеш, жәндікке де қиянат жасамаған. Барлығына Алланың жаратылысы деп қараған, оған қатігездік көрсетуге қорыққан. Осының бәрі келешек ұрпаққа көрсетілген үлгі-өнеге емес пе. Егер жер бетінде барлық адамдар бір-біріне мейірімді болып, ешкімнің ала жібін аттамаса, қорлық пен зорлық-зомбылық көрсетпесе жер бетін тек жақсылық жайламас па еді.



Ұрпақтың мейірімді болып өсуі ананың ақ сүтімен бала бойына дариды. Сондықтан қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі жан дүниесінің сұлулығымен үндес болуы тиіс. Қыздардың бойында мейірімділік, қамқорлық сезімі болуы үшін, олар сол сезімге бөленіп бой жетіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттерін қалыптастырады. Қазіргі кезде жаһандану үрдісі жайлап жатқан уақытта балалар ақпарат құралдарынан неше түрлі жауыздықты, қаныпезерлікті көріп өсіп келеді.



Мемлекеттер арасындағы қырғын соғыс, балалардың ата-аналарына, аталардың балаларына көрсеткен қиянаттары бала санасын уламай қоймасы әбден шындық. Сондықтан мектеп қабырғасында да ұстаздар қауымы ауқымды істер атқарып, мейірімділік пен қайырымдылық аясында көптеген шаралар өткізіп тұрса, ұрпақ тәрбиесіне оң әсер етері сөзсіз. Мейірімділік, сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып, адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді.
Ниязбек ОРАЗОВ,


Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитет төрағасы,
Арқалық қаласы

 

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!