Оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында Қостанай педагогикалық колледжінде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Кітап – білім бұлағы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі, қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазынамыз – кітап. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың сөзімен айтқанда: «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай өткізілген іс-шара, жоғарыда атап өткеніміздей, оқырмандарды кітапханаға тартуға, оқырмандар белсенділігін және білім алушылардың оқу сапасын арттыруға, олардың зияткерлік және рухани-имандылық қасиетінің дамуына, жыл бойы өткізілген іс-шараларды қорытындылау мақсатында жүргізілді.
Колледжіміздің кітапханасы қазіргі таңда «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында бірқатар іс-шаралар өткізіп келеді. Атап өтер болсақ, «Ең үздік топ» байқауы, «Менің кітапханам» бейнежазбасы, «М.М. Пришвин бояуларының калейдоскобы» әдеби қонақжайы, «Кітапхана журфиксі», «Кітап сыйла» және «Тәлімгер қандай кітап оқиды?» акциялары мен «Поэзияның шексіздік әлемі...» әдеби гиді. Ендігі өткізілген «Кітап – білім бұлағы» атты мерекелік іс-шарасы «Жүр досым кітапханаға» атты әсем әнмен ашылды. Артынша кеш жүргізушілері Бейбарыс Файзолла мен Карина Найзагаринева кітап туралы өлең-жырларын оқыды.
Тағылымды іс-шара барысында кітап көрмесі мен бейнежазбалар көрсетіліп, кітапхана меңгерушісі Урузбаева Райхан Шаканқызы кітапхана оқырмандарын Алғыс хат, мадақтамалармен марапаттады. Қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты аудио, видео, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен, кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып алатын білім мен саламаттылықтың орны ерекше. Сондықтан да қасиетті қазынамыз – кітаптарды көзіміздің қарашығындай сақтайық.
Лаззат БАЙГАЗИНА,
Қостанай педагогикалық
колледжінің кітапханашысы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.