Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының белсенді жастары «Әрқашанда ұмытылмас асылдар» атты құттықтау акциясын ұйымдастырды.
.jpg)
Ауған жерінде 1979 жылы болған зұлмат соғыста Кеңес әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. 1989 жылы ақпан айының 15-і – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күні. Биыл 35 жыл толыпты. Өзге елде болсын, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, бірқатары із-түссіз жоғалып кетті. Ауғанстандағы соғыс тек өлім мен жарақаттану, психиканың бұзылуын ғана емес, сонымен қатар батылдық, адалдық, достыққа үйретті.
Жастар Ауған соғысының ардагерлерімен кездесіп, сұхбаттасып, бастарынан өткерген тарихи кезеңдермен таныс болып, ескерткіштерін көзбен көріп қайтты. Арқалық кеден қызметі, Ауған ардагерлер кеңесінің бас маманы болып жұмыс атқарған Бальдиков Марат Батырханұлы 2023 жылдың қыркүйек айында бақилық болды. Иә, ажал деген айтып келмейді. Ағамыздың барша туысқандарына, жұбайына қайғыра көңіл айтамыз. Ағамыздың рухына тағзым етіп, шаңырағына барып құран бағыштап, дұға жасадық.
.jpg)
Ауған соғысының ардагері Марат ағамыздың досы, МАЙ инспекторы қызметін атқарушы, подполковник, қазіргі уақытта міндетті демалыстағы Кунаков Тимур Шамилевич мырзамен сұхбаттасу кезінде тың ақпараттар алдық. Кездесу барысында ардагерлермен сұхбаттасып, тағылымды тағдырларына шолу жасалды. Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз қазақ жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала бермек.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
алғашқы әскери және
технологиялық дайындық
пәнінің оқытушысы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.