Колледж білім алушылары мен серіктес мұғалімдерімізбен бірлескен жұмыстар негізінде, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде кәсібилікті дамытуға арналған кезекті іс-шара «Педагогикалық оскар-2024» ұйымдастырылып өткізілді.
Әрбір педагог кәсіби дамуы, заманауи сұранысқа қажетті маман болуы үшін үздіксіз ізденіс үстінде жүруі керек. Педагогтер мен білім алушыларды тағы да ілгері дамытушы күштің бірі – ұйымдастырылатын байқаулар. Оның талаптарын орындау барысында қатысушы міндетті түрде ізденеді, қатарынан ерекшеленіп, өзін басқаға ұқсамайтын қырынан көрсеткісі келеді. Байқауға «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының «New zhastar» БМ-42, «Modern мұғалім» БМ-31 бітіруші топтары мен тәжірибе алмасып, бағыт-бағдар беру мақсатында қаламыздың әлеуметтік серіктес мектептері – Кейкі батыр атындағы №4 негізгі орта мектебі мен Ш.Уәлиханов атындағы №1 негізгі орта мектебінің оқытушылары да қатысты.
Байқау бірнеше кезеңдерден тұрды. «Команданы таныстыру» кезеңінде қатысушылар кәсіби құзыреттілігі бойынша өздерін таныстырып, педагогтің бойынан табылатын қасиеттерді әрі креативті, озық идеяларын көрсете білді. Ал, келесі «Пән бойынша оқу сабағының (жаңа материалды оқыту кезеңі) фрагментін дайындау және өткізу» кезеңінде, екі топтың білім алушылары да алдын ала жеребе тартылып, түскен тақырыптары бойынша, алдарында отырған ерікті 1-курс білім алушыларына жаңа білімді ашу кезеңі бойынша, оқытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдерін, педагогикалық озық технологияларын және интерактивті тақтаны пайдалана отырып, сабақ өткізді.
Үшінші кезеңде «Ата-аналар жиналысын өткізудің әдіс-тәсілдері» көрсетілді. Ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа әдістемесін ұсынып, студенттердің кәсіби-педагогикалық ой-өрісін және кәсіби тәжірибесін кеңейту мақсатындағы кезеңнің білім алушыларға пайдасы мол болды. Ата-аналар жиналысын өткізуде қолданылатын әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде көрсетіп, әдіс-тәсілдерді қолданудың маңыздылығын аша білді. Байқау әділ қазы мүшелерінің ұпай сандары бойынша қорытындыланып, «Педагогикалық оскар-2024» сайысында заманауи педагогикалық технология элементтерін, инновациялық оқыту әдістерін игеріп, оқу-тәрбие үрдісінің шеберлік сабақтарын көрсетіп, кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейін меңгерген «New zhastar» БМ-42 тобы «Үздік сандық тәжірибе», ал «Modern мұғалім» БМ-31 тобы «Үздік сабақ дизайны» аталымдарымен марапатталды.
Білім алушылардың кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін жетілдіру жолында, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін көрсетіп, кәсіби-педагогикалық және әдістемелік қызметтің тиімділігін талдап, білім беру үдерісі үшін құнды тәжірибесімен бөліскені үшін әлеуметтік серіктестеріміз Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ оқытушылары Гулим Баязитова мен Жансая Ибраева және Ш.Уәлиханов атындағы №1 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімдері Бақыткүл Кабзиева мен Жадыра Мұсаева, сонымен қатар қатысушылардың құнды тәжірибелерін сарапқа салып, қазылық еткені үшін Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институттың PhD докторы, «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының жетекшісі Мейргул Оспанбекова Алғыс хаттармен марапатталды.
Жалпы байқау қатысушыларды ынталандырып, педагогикалық жолдарына тың серпін берді. Өз біліктілік деңгейлерін салыстыру арқылы қандай бағытта жұмыс істеу керек екенін және қалай даму керектігіне жауап тапқандарын қатысушылар өз ой-пікірлерінде айқын жолдады. Кәсіби шеберлік байқауында аталмыш шараның шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. Сол себепті, осындай шараларды жиі ұйымдастыру білім алушылардың ізденуі мен тәжірибедегі жаңашылдықтарына жол ашатыны даусыз.
Салтанат ОРАЛБАЕВА,
Гүлхашима ОРАЗОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі,
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»
мамандығының арнайы пән оқытушылары, Арқалық қаласы
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!