Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Саналы ұрпақ – жарқын болашақ

Выпуск - №46(543)   :   25.11.2022
859

Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жатақхана студенттерімен кездесу кеші өтті. Комитет белсенділері студенттерімізге әр түрлі тренингтер өткізіп, би билетіп, жүзіне күлкі сыйлады.

Біздің мақсатымыз – жастар бойында парасаттылық, адалдық қағидаттарын қалыптастырумен қатар жатақхана студенттерімен танысып, олармен жақсы қарым-қатынаста болу. Колледжіміздің президенті Мөлдір Қаби студенттермен «Күн сәулесі түседі...» тренингін өткізді. Тренинг студенттерді жылдамдыққа, қырағылыққа үйретеді.

Артынша білім ордамыздың волонтерлер клубының жеткекішісі Әсем Хасенова «Бұл кім?» (оқытушыға пародия) тақырыбында, ал колледжіміздің вице-призденті Роза Қуанышбай білім алушылардың жылдамдықтарын арттыру мақсатында «Ас болсын» тренингін ұйымдастырды. Тренинг білім алушыларға қызық болғаны сонша, олар жылдамдықтарын барынша көрсетіп, басқа білім алушыларға да керемет көңіл-күй сыйлады. Ал «Өркениет» дебат клубының жеткекшісі Медина Тасмуратова «Психологиялық ахуал» тренингін өткізді. Психологиялық ойын арқылы білім алушылар өздері жайлы жаңа ақпарат білді.

Қызықты интерактив өтіп, оған іс-шараға шақырылған барлық студенттер белсенді түрде қатысты. Тренинг соңында шақырылған оқытушылар мен жатақхананың старостасы мен коменданты сөз сөйледі. Олар студенттерді ынтымақтасып, өзін-өзі дамытуда және жаңа шыңдарға жетуде үлкен табыстар тіледі. Сөзімді Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың Жастар жылының ашылуында сөйлеген сөзімен аяқтасам: «Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланысты».


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.