Көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай, «Кітап-Аманат» мәдени-ағартушылық орталығында Арқалық политехникалық колледжінің 1-курс білім алушыларымен тағылымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Жүсіпбек Аймауытов – XX ғасырдың басында жіктелген екі дәуірдің шекарасында өмір сүріп, сол қоғамның аласапыран шындығын әдебиет әлемінде үлкен шеберлікпен бейнелеген қаламгердің бірі еді. Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен одан 30 жас кіші Жүсіпбек Аймауытовтың ағайын-туыстықпен бірге творчестволық байланысы да ерте басталған. Екеуінің сол кездегі қоғам тірлігіне терең көзқарас білдірген көптеген хаттары 1927-1929 жылдары жазылыпты. Мәшһүр бабамыз хатты өлеңмен өрсе, Жүсіпбек қара сөзбен жазған. Іс-шара барысында сол хаттардың біреуінен бейнефильм де көрсетілді.
Жүсіпбектің шығармашылық мұрасының салмақты жағының бірі – оның драматургиясы. Ол қазақ әдебиетінде төңкеріс қарсаңында ғана туа бастаған дәл осы жанрдың да негізін салушылардың қатарында. Сонымен қатар, Жүсіпбек – қазақтың ұлттық театр өнерінің де бастауында тұрған адам. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек» романдары туды. Соның соңғысын оқымағандар кем де кем болар. Ең алғашқы жолдарынан оқырманды өзіне баурап алатын психологиялық шығарманың желісі бойынша монолог тыңдалып, жазушының кітаптарын қызығушылықпен оқып жүрген білім алушылар «Ұран», «Неғып жатыр» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
«Сөз өзінің шырқау шыңына жеткенде музыкаға айналады» деген көркем тұжырым бар. Көбі біле бермес. Жүсіпбектің дәстүрлі өнердің бізге аман жетуіне үлесі зор. Ол Александр Затаевичтің «Қазақтың 1000 әні» жинағына 29 ән мен 1 күй қосқан. Оның ішінде танымал «Ғалия», «Қараторғай», «Қарғам-ау» секілді әндері бар. Жастардың ойын-сауық кештеріне қатысып, домбыра тартып, ән салғанын, сонымен қатар спектакль қойып, онда басты рөлде ойнағанын замандастарының естеліктерінен аңғара аламыз. Жан-жақты дарын иесінің өнерін паш ету мақсатында, тағылымдық іс-шара барысында қазақтың күмбірлеген күйі «Әлқисса» тыңдалды.
Жүсіпбек Аймауытов 1929 жылы басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылып атылған. Әлеуметтік төңкерістер мен ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгерді. Бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер тудырды, әдебиет, эстетика, сын саласына араласты, сан алуан мақалалар жазды.
Жүсіпбек әлемі – телегей теңіздей! Оның бай мұрасы – келер ұрпақ үшін асыл қазына, өмірі – ұрпаққа өнеге. Ендеше осы бір мұраны ары қарай жалғастыру – бізге міндет. Аймауытовша айқанда: «Ойлаңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз!». Тағылымды жиынның соңында «Аманат» партиясының Арқалық қалалық филиалының төрағасы Сабыржан Нұрсалыұлы, облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының басшысы Сәуле Ахметқызы жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шараны Ж.Аймауытовтың өз сөзімен аяқтадым. «Қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің ҚАЗАҚ болуы қиын. Сондықтан, баланы осы бастан ҰЛТ РУХЫН сіңіріп, ҚАЗАҚ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды. Бүгінгі біздің білім алушыларымыз бойларына тәрбие мен мәдинетті сіңірген ұлт қызметкері болсын!».
Самал ЖИЕНБАЕВА,
Арқалық политехникалық
колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!