Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

«Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз», – деген екен Бауыржан Момышұлы. Ал дана Абай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – дегендей, ел ертеңі болар жастардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздың орны бөлек.
Жуырда колледжіміздің 2-4 курс білім алушылары арасында «Менің оқытушым» атты жасырын форматта сауалнама жүргізілді. Іс-шара білім алушылардың өзінің оқытушылары жайлы пікірін білу мақсатында ұйымдастырылған еді. Сауалнамаға барлығы 154 студент қатысты. Олардың барлығы дерлік оқытушыларымыздың білім беру стилі, қолданатын әдіс-тәсілдері ұнайтынын айтып, оқу процесіне көңілі толатынын жеткізді. Шараның басты ерекшелігі, сауалнаманың нәтижесі қорытындыланып, арнайы мерекелік іс-шара барысында колледж директоры Сандуғаш Алматова ұстаздарымызды 8 номинация бойынша марапаттады.
Осылайша дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Гулим Жакупова – «Ең креативті оқытушы», орыс тілі пәнінің оқытушысы Аида Сайболова – «Ең сұлу оқытушы», тарих пәнінің оқытушысы Гулим Нургазина – «Ең мейірімді оқытушы», бастауыш білім беру мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Гульмира Назарова – «Ең көрікті оқытушы», бастауыш білім беру мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Луиза Ақылбекова – «Ең позитивті оқытушы», мектепке дейінгі оқыту мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Ақжарқын Насреддинова – «Ең сәнді оқытушы», бастауыш білім беру мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Куляш Абдильдина – «Ең сыпайы оқытушы», музыка бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы Жанна Шакиржанова – «Ең стильді оқытушы» атанды.
Айнұр ДАКАР,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
коллледжінің
педагог-психологы,
Арқалық қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.