Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
15/03/26 Воскресенье

Шығармашылық апталық – кәсіби шыңдалу сатысы

Выпуск - №45(492)   :   23.11.2021
412

Білім беруді жаңарту болашақ мамандарды даярлау үрдісіне жаңа көзқарас қалыптастыруға итермелейді. Осы бағытта Қостанай педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту кафедрасының педагогтері тынымсыз ізденіс үстінде.

Жуырда «Жанның байлығы – білім мен өнер!» тақырыбында өткен кафедра апталығы кәсіби-шығармашылық, жаңа ойлар тасқынын туғызды деуге әбден болады. Апталықтың салтанатты ашылу рәсімін бірінші курс студенттері өткізді. Биыл колледж табалдырығын аттаған студенттердің әсем дауысы жиналған қауымның көңілінен шықты. Сондай-ақ кафедра апталығы аясында «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Конференцияда оқылған баяндамалар мәнді, мазмұндылығымен ерекшеленді. Бұл конференцияға балабақша, бөбекжай мамандары қатысып, ғылыми жобаларын көрсетіп, атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті. Ұстаздар мен студенттердің шығармашылық әлеуетін байыту, кәсіби деңгейін арттыру және жаңалықтарды талқылау, практикалық және ғылыми-зерттеу тәжірибесімен алмасу мақсатында «Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.

Конференция жұмысына Мектепке дейінгі ұйымдардың, колледждердің 50-ден астам педагогтері мен студенттері қатысты. Конференцияға қатысушылар мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру процесіне жаңа технологияларды енгізу, одан әрі оқуға деген оң уәжді қалыптастыруға қалай әсер ететінін, әртүрлі өмірлік жағдайларды шешуге шығармашылықпен қарауға тырысатын баланы тиімді тәрбиелеуге қалай ықпал етпек деген ойларымен бөлісті.

«Балабақшаға жұмысқа орналасқан жас маманның әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық бейімделуі» тақырыбы бойынша әлеуметтік серіктестер мен бітіруші топ студенттері шақырылды. Аталмыш шараға облыстық бөбекжай-балабақшалардың озық мамандары қатысты. Облыстың жалпы білім беретін мектептерімен кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мақсатында QR код құрылды, ол арқылы болашақ талапкерлер Қостанай педагогикалық колледжінің мамандықтарымен және нақты «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының қыр-сырымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының апталығы аясында В-32 тобында «Оқыту әдістемесімен бейнелеу қызметінің негіздері» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді, оған Қостанай педагогикалық колледжінің 16 педагогі қатысты. Ашық сабақта мен Survio, Learningapps, Kahoot, QR коды, Castlots сияқты түрлі білім беру платформалары қолданылып, жас маман Мәншүк Нұрпеисова замануи шығармашылықпен өткізді. Кафедрада жаңашыл ойларымен, тың әдіс-тәсілдерімен көзге түсіп жүрген маман Ольга Третьякова «Лего-құрастыру және білім беру робототехникасы» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасымен кіріктірілген өндірістік практикаға студенттерді дайындау сәтімен әріптестерімен бөлісті.

Ал тәжірибелі маман Людмила Кострова «Педагогикалық шеберлік» сабағын В-32, Т-41 тобымен біріге өткізді. Сабаққа қазіргі таңда жұмыс істеп жүрген жас мамандар шақырылды. Сабақ кәсіби бағыттау мақсатында болды. Студенттер алдағы уақытта өз мамандықтарының еңбек нарығындағы маңызын түсініп, пайым жасап, ой-пікірлерімен бөлісті. Мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының күні аясында барлық бөлімдердің екінші курс студенттері арасында «Әуенді тап» атты көңілді бағдарлама да ұйымдастырылғанын айта кеткен ләзім. Қызықты және музыкалық ойын жылы және достық атмосферада өтті.

Кез келген педагог өз шәкіртінің дұрыс сөйлеп, ойын шебер жеткізе білгенін қалайды. Бұл орайда мәнерлеп оқу пәні оқытушыларының рөлі ерекше. Кафедра апталығына байланысты, Багиткул Рахпанова мамандық студенттерімен шағын ертегі түсіріп, Ы.Алтынсариннің балаларға арналған «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша театрландырылған қойылымды ұйымдастырды. Қойылым көрермен көңілінен жылы орын алды. Апталық студенттердің «Ертегі әлеміне саяхат» атты ән орындауымен, апталыққа қатысушыларды марапаттаумен аяқталды.


К.Абдиханова,
Қостанай педагогикалық колледжі
мектепке дейінгі тәрбие
бөлімінің меңгерушісі

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.