Ару қала Арқалыққа тағы да жаңа леп қосылды. Күні кеше мектепте білім алып, үлкен арман әлемін шарлап, жоғары оқу орнына түссем деген ізгі ой қалықтаған буын бүгінде студент атанып, арманның ақ тұлпарына мініп, білім әлемін шарлауға дайын тұр.

Жаңа толқын жастардың жанарынан жарқын болашаққа деген сенім, асқақ арман мен мақсаттар байқалады. Осынау бір әсерлі сәтке Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Қазақ жасөспірімдер театрында» өткен 1-курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» салтанатында куә болдық. Мерекелік іс-шараға колледж директоры, жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшелері, жоғарғы курс білім алушылары мен оқытушылар арнайы қатысты.
Салтанатты кеште алғашқылардың бірі болып Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры Руслан Мамбетов құттықтау сөз алып, өрендерімізге сәттілік тілеп, биылғы қабылданып жатқан студент жастарымыз колледж қабырғасының, реттік санақпен айтсақ, қырық бесінші қабылданып жатқан білім алушылары екенін қуанышпен атап өтті. «Қош келдіңіздер, құрметті 1-курс студенттері! Сіздердің келгендеріңіз жаңа толқын. Жаңа толқын алдыңғы толқыннан да биік болады. Сондықтан да, сіздердің білім жолындағы нәтижелеріңіз де биік болады деген сенеміндеміз», – деді Руслан Елікбайұлы. Иә, демек жаңа толқын – бұл үлкен айдын болса, шалқар айдынның көлемі қандай үлкен болып келетіндігін байқасақ, бүгінгі бірінші курс білім алушылары – біздің оқу ордамыз көрсететін үлкен айдынның айнасы деуге болады.

Осылайша студенттерімізге біздің Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжін таңдағандары үшін алғыс білдіре отырып, студент мәртебесін сезіндіру мақсатындағы тағылымды шараны өткізу тағылымды ордамыздың жыл сайынғы мызғымас дәстүріне айналған. Әрине, іс-шараға кештің басты себепкерлері – 1-курс студенттері қонақ ретінде шақырылды. Олар үшін үшін көркем безендірілген сахна төрінде Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері және жоғарғы курс студенттері өнер көрсетті. Старосталар басқару жұмысын қабылдап алса, еріктілер (волонтерлер) жасаған қайырымдылық акциялары мен үлгілі істерін насихаттап, қарлығаштарды өз қатарына қосылуға шақырды. Жайдарманшыларымыз 1-курс студенттеріне арнаған әзілдерін жолдап, әзіл-шыны аралас таныстыруларын көрсетті. Колледж өнерпаздары әнін айтып, мың бұрала би билеп, бар өнерлерін паш етті.
Кеш барысында 1-курс студенттеріне студенттік билеттері табысталып, біздің тағылымды орданың нағыз білім алушылары атанды. Ойымды қорытындылай келе мына бір маңызды дүниені атап өткім келеді. Еңбек етпесең, жиған білімің кәдеге жарамай жатқан минерал секілді. Оның ішін аршып, асыл кенін жарқырату үшін еңбек керек, қол мен ой қимылы қажет. Ілияс Жансүгіров айтпақшы: «Жас мұраты, білім, тәлім – талабы... Өнер, оқу – жастықтың қару жарағы». Жалынды жастарымызға сәттілік тілеймін!
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».