Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы.
Міне, биыл еліміз тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының 31 жылына қадам басып отыр. Бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алу мақсатында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Желтоқсан желі ызғарлы» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кездесуде тәуелсіздікке жету жолында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ерекше маңызы және ел егемендігін алуға деген бетбұрыстың жасалуына тигізген ықпалы жайында сөз болды. Сондықтан да бұл оқиға тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадам, тәуелсіздіктің бастауы ретінде бағаланады.
Ұйымдастырылған тарихи-танымдық кездесу сол кезеңдегі патриоттық рухы биік болған жастарды бүгінгі өскелең ұрпаққа таныстыру, насихаттау бағытында ұйымдастырылды. Сондықтан да сол Желтоқсан оқиғасы күндерінің куәгері, тікелей қатысушы Жұмакүл Бекентаева арнайы қонаққа шақырылып, іс-шара ашық сұхбат форматында өтті. Амангелді атындағы ЖББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі бүгінде ұстаздық жолға өмірінің 32 жылын арнағандығын айтады. Жұмакүл Искендірқызы Желтоқсан оқиғасы жөнінде естеліктермен бөлісіп, студенттердің көкейіндегі сұрақтарына жауап берді.
Артынша қонаққа тарту ретінде күмбірлете күй төгіліп, арнау өлең оқылды. Төл тарихымызда өшпес із қалдырған Желтоқсан оқиғасына биыл 36 жыл толды. Сол ызғарлы күндерде халқымыз қайсар рухы мен азаттыққа деген ұмтылысын паш еткен еді. Желтоқсан қаһармандарының ерлігі мен құрбан болған боздақтардың бейнесі халық жадында мәңгі сақталады. Тәуелсіздігіміздің 31 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, ынтымағымыздың іргесі сөгілмей, тәуелсіз еліміздің таңы нұрлы, ұрпағының еңсесі биік болып, аспанда көк туымыз мәңгі желбіресін дегім келеді.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.