Торғай колледжі: Білім күніндегі салтанат

Выпуск - №34(582)   :   08.09.2023
920

Қыркүйектің 1-і – дәстүрлі мереке. Бұл күн кейбір азаматтарға мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірсе, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күніндегі толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен ерекше.

Жылдың дәл осы күнінен бастап білім әлеміне деген күрделі, сонымен қатар қызықты жол басталады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді. Педагогтер мен жетекшілер білім жолында жас өрендерге талмас қанат сыйлап, үлкен өмірге шығарып салған қара шаңырақтың табалдырығын аттағалы тұрған білім алушыларды қарсы алады. Бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, еліміздің болашағы тікелей тәуелді, қызу қайнаған, жауапкершілігі зор кезеңнің бастамасы.

Арқалық қаласындағы біздің Торғай гуманитарлық колледжінің ұжымы да қаншама білім ордаларының ішінен біздің шаңырақты болашағым деп танып, ортамызға жаңадан қосылып жатқан 1-курс студенттерін ерекше салтанатпен қарсы алдық. Үстіміздегі оқу жылында біздің «үлкен отбасымыздың» қатары 136 балаға көбейіп, олар 6 топқа топтастырылды. Жиынның ашылуында колледжіміздің директоры Алматова Сандуғаш Орекенқызы құттықтау сөз сөйлеп, студенттерімізге сәттілік тіледі.

Қазіргі уақытта Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі күрделі жөндеуден өтуіне байланысты, Білім күні колледжіміздің жатақхана ғимаратында аталып өтті. Салтанатты шара барысында жалынды жастарымызға сый-құрмет көрсетіле отырып, әуелете ән орындалып, биші қыздарымыз би билеп, әр топты жекелей атап өттік. Бекітілген топ жетекшілерімен таныстырып, оқытушыларымыз тәрбие сағаттарын жүргізіп, колледжіміздің тарихы мен артықшылықтарын кеңінен насихаттады. Шара соңында 1-курс студенттері сөз алып, біздің колледжімізді таңдаған сәттерімен бөлісті.Ал колледж қабырғасында 4-інші жыл білім алып, көздеген дипломын қолына алуға аз ғана уақыт қалған студентіміздің бірі Ақерке Сейтбекова жастарға таңдаудан қателеспегенін айта келе:

– Сіздерді студент болуларыңызбен құттықтаймыз! Қадамдарың оң, студенттік өмірге қош келдіңіздер достар!, – деп, олардың білім жолына сәттілік тілеп, болашақтарына ізгі лебізін білдірді.

Аталмыш Білім күні мерекесі Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің табалдырығын аттағалы тұрған бірінші курс студенттері үшін өте ерекше дата. Өйткені, олар жүректеріне үкілеген үміті мен сенімін, қуанышы мен шаттығын артып, біздің білім ордасына алғаш рет келіп тұр. Жаңа оқу жылы қарсаңында жетелеп жүретін толқу да бәріне таныс. Солай болуы заңды да! Алда жаңа оқу жылы, жаңа білім, жаңа әсерлер және жаңа тәжірибе.

Колледжде өткеретін достық пен студенттік сезім, ұмытылмас естеліктері – бәрі де өмір бойы санасында сақталады. Дегенмен бұл кезеңнің – ауыр да жауапты уақыт екенін ұмытпаған абзал. Абай атамыз айтқандай: «Білімге, ғылымға ұмтыл. Анасы туған баласын сүйгендей, ғылымды сүю керек. Сонда ғылым да саған да солай жауап қайтарады. Адам болу үшін, халқыңа пайдаң тию үшін оқыңдар. Білім – талан-таражға салынбайтын байлық». Сөзімді түйіндей келе студенттерге сәттілік тілей отырып, Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін дегім келеді.


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.